Жүлдемен оралдық
- Толығырақ
- Жарияланды 22.11.2016 07:06
- Автор: Super User
- Категория: Жағымды жаңалық
- Қаралды: 1406
Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап кітапханада «Мамандығым-мақтанышым!» атты жас мамандар арасында облыстық байқау өткен болатын.
Байқауға қатысушылар «Үздік модельер-пішуші», «Үздік кондитер», «Аяқ киім жасау шебері», «Үздік ағаш ұстасы», «Үздік программист-дизайнер» аталымдары бойынша сынға түссе, ауданымыздан «Үздік модельер-пішуші» аталымы бойынша Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап дайындаған «Көшпенділер» тақырыбындағы киімдер топтамасын ұсынған өлкетану музейінің экскурсия жетекшісі әрі жеке кәсіпкер - Марина Сидалиева өзге модельер-пішушілердің алдын орап, «Үздік модельер-пішуші» аталымын жеңіп алды.
«Үздік программист-дизайнер» аталымы бойынша өз жұмыстарын ұсынған «Азияполиграфия» типографиясының программисі – Багила Турсунова және Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің білімгері – Сәния Айтбаева Алғыс хатпен марапатталды. Байқауға қатысқан қала және әр ауданнан келген кәсіптік сала мамандарының жұмыстарынан жинақталған көрме мамандарға өзара тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.
А.Байболатова,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қаратау қаласы бойынша аға кеңесшісі.
Газет pdf нұсқасы