Жемқорлықпен күрес жұмысы зерделенді
- Толығырақ
- Жарияланды 31.01.2017 04:15
- Автор: Super User
- Категория: Жемқорлық-індет
- Қаралды: 1208
Индира Еркінқызы, "Талас тынысы"
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, сараптамалық топтық жетекшісі, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Қасымхан Төлендиев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы партияның “2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барғарламасының “2015-2016 жылдары іске асыру барысын зерделеді.
Қ.Төлендиев жемқолықпен күрес жөніндегі іс-қағаздардың, арнайы бұрыштар мен заңнамалардың барын тексеру мақсатында қаламыздағы бірнеше мекеме жұмысын саралады. Атап атсақ, аудан әкімі аппараты, қазынашылық басқармасы, қала әкімі аппараты мен білім бөлімі және аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің сыбайластыққа қарсы жұмыстарымен танысты.
Жоғарыда аталған тексеру жұмысынан кейін Қ.Төлендиев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия мүшелерімен дөңгелек үстел жиынын өткізді.
Жиында сөз алған Қасымхан Естемесұлы комиссия жұмысының тиянақтылығын айта келіп, тексеріс жасалған мекемелердің бірнешеуінде жемқорлыққа қарсы құжаттардың толық еместігін атап өтіп, алдағы уақытта комиссия мүшелеріне аудандағы барлық мекемелердегі сыбайластыққа қарсы жұмыс барысын тиянақтауды тапсырды.
Газет pdf нұсқасы