Жемқорлыққа қарсымыз
- Толығырақ
- Жарияланды 14.03.2017 05:06
- Автор: Super User
- Категория: Жемқорлық-індет
- Қаралды: 1251
Сыбайлас жемқорлық тақырыбына байланысты О.Иманалиев атындағы Ақкөл ауылдық мәдениет үйінде «Жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға ауылдық кітапхана және мекеме қызметкерлері түгел қамтылды.
Күн тәртібі бойынша бірінші сөз алған Ақкөл ауылдық №1 филиал кітапханасының меңгерушісі Мейізкүл Тоққошқарова:
- Бүгінгі таңда елімізде белең алып отырған індет, ол - жемқорлық.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылғандай, мекеме, ұжым, отбасында да осы жайында әңгіме қозғап, бүкіл ел болып күресуіміз керек деп ой қосқым келеді, -деп сөзін тұжырымдады.
Мәдениет үйінің директоры Жақсылық Тілеубеков:
- Бауыржан атамыз айтқандай, «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», - демекші, жалпы тәртіп болған жерде береке болары анық, - деп ойын ортаға салды.
Мәдениет үйінің кіші қызметкері Кәрімбай Жанұзақов:
- Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның бас ауруына айналғандай. Бұл жемқорлыққа ел болып кірісіп, тоқтау жасамаса, өсіп келе жатқан ұрпаққа ертең ауыр болары ақиқат, - деп сөзін түйіндеді.
Талап Байжиенов,
Ақкөл ауылдық мәдениет үйінің мәдени іс-шара ұйымдастырушысы.
Газет pdf нұсқасы