Қоғам болып күрескен жөн
- Толығырақ
- Жарияланды 04.04.2017 05:05
- Автор: Super User
- Категория: Жемқорлық-індет
- Қаралды: 1203
«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс».
Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Басты міндет - қоғамда сыбайластыққа төзбеушілік орта қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сана - сезімін арттыру, ұйымда өзара сенімге құрылған жауапкершілік пен әріптестік негізінде аталған әлеуметтік кеселмен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған жол бермеу - бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Келеңсіз көрініспен күресу күн тәртібінен түспейді. Қоғамның барлық саласында көрініс беріп отырған қауіпті кеселдің жолына тосқауыл болу бүгінгі күннің басты талабы екенін біздің ұжым қызметкерлері де жақсы түсінеді.
Әділет басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шаралары жоспары негізінде құзырлы мекеме мамандарымен «дөңгелек үстел» отырыстары және апта сайын жедел кеңес отырыстары ұйымдастырылады.
Жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті екендігі ұдайы ескертіледі. Мекемеде «Сенім телефоны» тұрақты жұмыс істейді, көрнекті жерге ілінген арнайы стендте ақпараттар жаңартылып тұрады.
С.Джузбаева,
Талас аудандық әділет
басқармасының іс жүргізушісі.
Газет pdf нұсқасы