Жемқорлықпен күрес-кезек күттірмейтін мәселе
- Толығырақ
- Жарияланды 04.04.2017 05:11
- Автор: Super User
- Категория: Жемқорлық-індет
- Қаралды: 1187
"ТТ"-ақпарат".
“Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы мәжіліс залында филиалдың жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті.
Аудандық мәслихаттың депутаты, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы М.Мірәлиевтің төрағалығымен өткен жиынға аудандық прокуратураның аға прокуроры Б.Бекбулатов, партия аудандық филиалының саяси кеңес мүшелері, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен партия белсенділері қатысты.
Отырыстың күн тәрібінде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру жолдары” атты тақырыпта лекциялар тыңдау мен пікір алмасу, ой білдіру сынды мәселе болды.
Күн тәртібінің тақырыбына байланысты Б.Бекбулатов заман ағысымен бірге өсіп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп келе жатқан экономикамыздың дамуына кедергі келтіретін қауіпті кеселмен күресу баршаның міндеті екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, өткен жылдар бойынша аудан көлемінде жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға талдау жасады.
Келесі кезекте сөз сөйлеген Қаратау технология, білім және бизнес колледжінің директоры, “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Е.Әнетбаев оқу орынында жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталып, оны болдырмау үшін алдын алуға арналған тұшымды ойын жеткізді.
Газет pdf нұсқасы