Таластық спортшылар табыспен оралды
- Толығырақ
- Құрылды 15.04.2015 10:26
- Категория: Мақалалар
Тараз қаласында жасөспірімдер арасында дойбыдан Қазақстан чемпионаты болып өтті. Аталмыш жарысқа 9 облыс және Астана қаласынан 130-дан аса спортшы қатысты. Облыс намысын №26 Талас ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дойбышылары қорғады. Кіл мықтылар жиылған айтулы жарыста сенім артқан спортшыларымыз, намысты қолдан бермеді.
А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия оқушылары шеберлікпен айқасып, қарсыластарына мүмкіндік бермеді. 18 жасқа дейін спорт шеберіне үміткер Айбике Берік 1 орынды, спорт шеберіне үміткер Әсем Мақсұт 3 орынды иеленсе, 9 жасқа дейінгі 2 разрядты дойбышы Диана Қадырбек 2 орыннан көрінді. Жас ерекшеліктеріне қарай Айсұлтан Абулхан 3 орынға табан тіресе, ең жас спортшы Диана Салимжанова, Мұстафа Тұрысбек, Нұрбек Боларбек, Данагүл Маймышева, Мұхит Абдиназаров, Данагүл Жаңабай жеңіске деген жігері үшін арнайы дипломдар табысталды.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы