Батагөй қариялар мен жас қарилар сынға түсті
- Жарияланды 25.10.2016 08:30
- Автор: Super User
- Категория: Имандылық
- Қаралды: 1480
Мадина Жарас, «Талас тынысы».
Толығырақ: Батагөй қариялар мен жас қарилар сынға түстіМешіт мұқтаж жандарға көмектесті
- Жарияланды 25.10.2016 08:28
- Автор: Super User
- Категория: Имандылық
- Қаралды: 1453
Қасиетті айдағы қайырымдылық
- Жарияланды 16.07.2015 06:15
- Автор: Super User
- Категория: Имандылық
- Қаралды: 1862
Қасиетті Рамазан айында түндердің сұлтаны болған Қадыр түні қарсаңында аудандық Қаратау мешетінде қайырымдылық шара болып өтті.
Толығырақ: Қасиетті айдағы қайырымдылықҚамкөңіл жандарға қол ұшын созайық
- Жарияланды 26.01.2016 03:50
- Автор: Super User
- Категория: Имандылық
- Қаралды: 1848
Аудан мектептерінде үстіміздегі жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы өтуде. Акцияның басты мақсаты әлеуметтік жағынан аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім және жартылай жетім балаларға демеушілер есебінен материалдық көмек беру.
Толығырақ: Қамкөңіл жандарға қол ұшын созайықҰрпақ тәрбиесі ұяға да қатысты
- Жарияланды 20.04.2015 03:58
- Автор: Super User
- Категория: Имандылық
- Қаралды: 2001
Отбасы-адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі- дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптастыру. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, бала тәрбиесі оның алғашқы күнінен басталады. Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы-тұлғаны ең алғашқы дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Отбасында балалардың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірде қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрін болса да атқаруға психологиялық тұрғыдан даяр болуға, шығармашылық әрекетке даярлыққа, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет.
Баланың құқығы жөніндегі Конвенцияда (1989) отбасында баланың құқығын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсінікті сақтауы, сонымен қатар, әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс. Тек осындай ізгілікті мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, кісілік келбетін сақтай алатын тұлға қалыптастыруға болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан, халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»-деп текке айтпаған.
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы,алтын бесігі. Алайда, өмірде болып жатқан тұрмыстың бұзылуы мен экологияның бүлінуі секілді әлеуметтік-экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызуда. Отбасы табысы азайып, отбасы құрамы өзгеріп, толымсыз отбасылар көбейді,ата-аналардың ажырасуы орын алып,отбасында тәрбиеленетін балалар саны азайды. Осының барлығы қоғамдағы адамдар арасында қалыптасқан құндылық бағыттарын өзгертіп, бала тәрбиесіне нұқсан келтіріп отыр. Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы. Сондықтан, балаға өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ адамгершілік сезімдерін сіңірудің орны бөлек. Ол халқымыздың салт-дәстүрлері арқылы жүзеге асырылады. Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мол. Дәстүр,әдет-ғұрып пен салт-сана қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың түрлерін,қоғамның мәдени деңгейін көрсетумен қатар, тәрбие талаптарының негізін құрайды. Сонымен қатар, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының маңызды формаларын көрсетеді. Халықтың ізгі мақсаты мен жүрек түкпірінен шымырлап шыққан ақ тілегін көрсететін салт-дәстүрін бүгінгі отбасы тәрбиесінде пайдалану арқылы біз қазіргі қоғам талабына сай жан-жақты қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік аламыз.
Бала тәрбиесінде ата-аналар мектеппен тығыз байланыс орната отырып, осы дәстүрлерді отбасында ұйымдастыра білсе,үлкен тәрбиелік жұмыстарды атқарған болар еді. «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деген мақал, ең алдымен, тәрбие мәселесіне қаншалықты терең мән берілетінін көрсетеді: «Тәрбие-табалдырықтан басталады» деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық. Сондықтан да халық өмір есігін енді ғана ашқан бала тәрбиесін бесіктен бастаған. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтың аталы сөзі де осы отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды.
Мырзабай Қайырбай,
тарихшы, әлеуметтік педагог.
«Бейбітшілік әлемі» алтын медалының иегері.
Ш.Смаханұлы атындағы орта мектеп.
С.Шәкіров ауылы.
Газет pdf нұсқасы