Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Мұнайлы өлкенің мақсаты биік

ҚР Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың респуб­ли­калық қоғамдық штабының мү­шелері еліміздің өңірлерін аралап, сайлаушылармен кездесулерін жал­ғастыруда

Штаб мүшелері Атырау облысына келді. Бұл жерде олар ұлт Көшбасшысы жақтастарының форумына қатысты, облыс белсенділерімен, Атырау мұ­най өңдеу зауыты (АМӨЗ) мен «ШевронМұнайГазИнк» компания­сы­ның қызметкерлерімен кездесті.
Делегация құрамында – респуб­ликалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Парламентінің депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, мәде­ниет пен өнер саласының өкілдері бар.
Алдағы сайлауда Елбасыға өз қолдауларын білдіру үшін «Жайық» спорт сарайына облыстың мыңдаған тұрғындары жиналды. Сөйлеген сөз­дерінде олар Қазақстанның табысты дамып жатқаны үшін Мемлекет бас­шысына алғыс білдірді.
Одан әрі Салтанат сарайында РҚШ мүшелері Атырау облысының ең­бек ардагерлерімен кездесуі болды.
Еңбек сіңірген мәдениет қайрат­кері, өңірдің құрметті тұрғыны Ілия Жақанов өз сөзінде Мемлекет бас­­шысы саясатының әлеуметтік-экономикалық қана емес, сондай-ақ, мәдени саладағы табысты дамуға да бағытталғанын қадап айтты.
«Мемлекет басшысының баста­масымен «Мәдени мұра» бағдарла­масы іске асырылды, соның арқасын­да әлемдегі түрлі кітапханалар мен мұрағаттардан, біздің еліміз үшін ерекше маңызы зор бірегей жәдігерлер табылып, Қазақстанға әкелінді», – деді Ілия Жақанов.
Өз кезегінде еңбек ардагері Любовь Монастырская бүгінгі қазақ­стандықтардың ынтымағы жарасқан бір үлкен отбасы болуына, Нұрсұл­тан Назарбаевтың арқасында дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясы­ның атқарып жатқан қызметінің зор екенін атап өтті.
«Ассамблеяның әр сессиясында, әр форумында біздің Елбасымыз бей­бітшілікті, келісім мен халықтардың бірлігін үнемі жақтаумен келеді. Біздің бәрімізге – Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңайына топтасқан – бір ұлт екенімізді түсінудің маңызы зор», – деді Любовь Монастырская.
Түстен кейін РҚШ мүшелері Атырау мұнай өңдеу зауыты қызмет­кер­лері­мен жүздесті. Ұжымның аты­нан зауыт қызметкері Әлфия Гумерова сөз сөйле­ді. Ол еңбек адамының қа­жеттілігін Мемлекет басшысының біреулерден есту арқылы ғана біл­мейтінін және еліміздегі барлық ең­беккерлердің оның қамқорлығын се­зе­тінін атап өтті.
«Елбасы біздің аймақтың дамуына әрқашанда ерекше көңіл бөлді. Бү­гінгі күні біздің зауытта екі көлемді инвест жоба – хош иістелген көмірсу­тегі өн­діру және тереңде өңделетін мұнай өнімдерін өндіру іске асыры­луда. Зауыт заманауи үлгілер бойын­­ша жаб­­­дықталған, жаңа технология­лар енгі­зілуде. Біздің аймаққа көп­те­ген миллиард инвестициялар тарт­қан Нұрсұлтан Назарбаев болмағанда, осының бірі де болмас еді», – деп атап айтты Ә.Гумерова.
Зауыт жұмысшылары да еңбек адамын қолдағаны үшін Елбасына алғыс айтты. «Өндіріс цехының жұ­мысшысы ретінде мен жыл сайын бізде жаңа жұмыс орындарының пайда бо­луы, еңбек жағдайы­ның жақсаруының, жетістіктерміздің ар­туы­ның куәсімін. Осының бәрі біздің ертеңгі күнге деген сенімімізді арттырады, сон­дықтан да мен өз отбасымның игілігі үшін, яғни, елі­міздің игілігі үшін еңбек етемін және менің елімнің гүлдене түсуі үшін Елбасына дауыс беремін!»-деді Атырау мұнай өндіру зауыты­ның хош иістелген көмірсутегі өндіру кешені­нің операторы Қасиет Лұқпанов.
Кездесулер барысында Атырау об­лы­сының халқы алдағы сайлауда өз­дерінің Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретіндерін бірауыздан мә­лімдеді.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер