Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Ақтаңдақтар қасіреті

Қамысбай Сауқымов, “Талас тынысы”
Қаламызда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу жиыны болып өтті.

Осы зұлматқа арнап қойылған Белгітас алдына жиналған мекеме, білім ұялары қызметкерлері алдында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары С.Е.Дадабаев бұл күннің ел тарихында жүректерде тап болып қалған ақтаңдақ, зұлмат екенін айта келіп:
- Алапат аштықтан елімізде 2 мил­лионға жуық адам қазаға ұшырады. Миллиондаған қандастарымыз жат елге босып кетті. Репрессияда Алаш арыстарынан бастап бүкіл мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен ағартушылар қуғынға түсті. Тұтас ұлттар ата қоныстарынан күшпен кө­шірілді. Зұлмат жылдарында 1,5 мил­лионнан астам адам қазақ даласына жер аударылды,-деген Серік Ералы­­ұлы қазақ жұрты жер аударылып кел­ген өзге ұлт өкілдерін өздерінің қиын жағдайына қарамастан бауырларына басқанын айтып:
- Ауданымыздың тумасы, респуб­ликаға танымал Жүніс Дүрімбетов, Барбол Тоқтықожаұлы мен бір ғана Майтөбе ауылынан 19 адамның және Қаратау қаласының тұрғыны бол­ған Жарқынбек Бердібеков «Халық жауы» атанып, жазықсыздан жазық­сыз атылып кетті,-деді.
Одан кейін Серік Ералыұлы зобалаңға толы жылдары 60-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің қазақ жеріне депортацияланғанын, қазіргі тәуелсіз­дік алған кезеңде бәрі де бір кісідей жұмыла отырып, Елбасы саясатын жү­зеге асырып келе жатқанын баяндады.
Одан соң саяси қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ жерінен орын тапқан отбасылар атынан ардагер ұстаз Ольга Дмитриевна Куцукас сөз сөйлеп:
- Бүкіл интеллигенциясынан айы­рылған қазақ елі жер ауып келген жүз мыңдаған өзге ұлт өкілдерін жоқшылықтан аман алып қалды. Кәріс, түрік, иран, күрді, әзербайжан, неміс, поляк, чечен және Солтүстік Кавказ, Қырым халықтарының қазақ халқына деген алғыстары шексіз,-дей отырып, Ольга Дмитриевна жер аударылғандар қақаған аязда, медициналық көмек­сіз эшалонмен Шолақтау поселкісіне келгендерін баяндап:
-1949 жылы менің ата-анам да осындай эщалонмен осында келген еді. Ал, мен «Халық жауы» атанған отба­сын­да дүниеге келіп, мені 1954 жылға дейін комендатураға апарып тұрды. Осының бәрі біз үшін үлкен нәубет еді. Ал, қазақ халқына-мың алғыс!-деді толқып.
Одан кейін аудандық орталық ме­шіттің имамы Нұрсұлтан қажы Алиев құрбан болғандардың әруағына Құран бағыштап, Белгітасқа гүл шоқтары қойылды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер