Соны серпін болмақ
- Толығырақ
- Құрылды 04.06.2015 04:38
- Категория: Мақалалар
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға ұсынған «100 нақты қадам» бағдарламасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін жасалған нақты әрі тың шешім, болашаққа құлшыныспен сенімді қадам басуға сеп болмақ.
Мемлекеттік дамудың бес институттық реформасы қоғамдық ортада, соның ішінде, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы саласы мамандарының арасында қызу талқыланды.
«Индустрияландыру және экономикалық өсім» атты 3-тараудың 35 және 36-қадамдарында ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, мақсатты пайдалану, жерді пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу жөнінде жан-жақты зерделеніп, анық жазылған. Бұл өз кәсібімді ашып, ісімді алға бастырамын дегендер үшін де, жер телімдерін пайдаланатындар үшін де шешімі табылған құнды мәселе болып отыр.
Менің суармалы 40 гектар жерім бар. Көкөніс өсіріп, арзан бағамен ауылдастарым мен аудан жұртшылығын қамтамасыз етіп келемін. Бабын тапсаң, бақша да-байлық. Нәсіпті, жерден көріп отырған жағдайымыз бар.
Аталмыш бағдарлама шаруа қожалығы бар жандарға айқын бағдар беріп, еңбегін еселей түсетіні белгілі.
Алдымызда үлкен мақсат тұр. Ол-Қазақстанды ең дамыған 30 елдің қатарына енгізу. Бұл үшін отандық экономиканы жан-жақты өркендетіп қана қоймай, елімізді қуатты әрі мәңгілік мемлекетке айналдыруымыз қажет. «100 нақты қадам» бағдарламасын тәуелсіз Қазақстанымызды әлемдегі көшбасшы елге айналдыру мақсатын көздейтін кешенді стратегия деуге болады.
Ерлан Төлеуішов,
«Малдыбай» шаруа қожалығының төрағасы, Бостандық ауылы.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы