Аудан тауар өндірушілер Алматы жәрмеңкесінде
- Толығырақ
- Құрылды 04.06.2015 04:57
- Категория: Мақалалар
Алматы қаласында 30 мамыр күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрменкесі өтіп, ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін сатты.
Аудан тауар өндірушілерін аудан әкімі Болат Рысмендиев бастап барды.
Атап айтқанда- сиыр еті- 1000 келі, жылқы еті - 1000 келі, қой еті-1000 келі, құрт-ірімшік- 200 келі, қымыз-шұбат - 400 литр.
Бұл өнімдер облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен арнайы салқындатқыш көлікпен және сатушылар да автобуспен тегін жеткізілді. Жәрмеңкеде сиыр мен қой еті 900-1000 теңге аралығында, жылқы еті 1000-1300 теңге аралығында сатылды. Яғни, базар бағасынан 20 пайыз төмен болды.
Жәрмеңкеге өнімнің бірнеше түрін алып барған Ақкөл ауылынан Рахымбердиев Садықтың «Қарабатыр», Үшарал ауылынан Берікбаев Әбдуғалидың «Байымбет - Баба» шаруа қожалықтары белсенділік көрсетті.
Ауданбек ЕРУБАЙ,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы