Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Жұмыстан заңсыз босатылған ұстазсот шешімімен жұмысқа қайта орналастырылды

Қамысбай САУҚЫМОВ, “Талас тынысы”

2015 жылдың маусым айының 9 жұлдызында Талас аудандық сотының судьясы Ж.Б.Жақсылық технология пәнінің мұғалімі Абитхан Зиятханович Аубакиров­тың “Талас ауданы әкімдігінің білім бөлі­мі А.Даулетбеков атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыстан босату туралы бұйрығының күшін жойып, жұмысқа қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне айлық жалақысын өндіру және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі бойынша сот шешімін жариялап, брифинг өткізді.

Майтөбе ауылында орналасқан «Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі А.Даулетбеков атындағы орта мектебінде» А.З.Аубакиров 30 жыл мұғалім болып жұмыс атқарған. Мектеп директо­рының уақытша міндетін атқарушы болып тұрған кезде Е.Кемежанов ҚР Еңбек Кодексінің 54-бабының 1- т. 6 т.т. сүйене отырып, 2015 жылдың 13 ақпанындағы №20-шы бұйрығымен еңбек заңдарын өрескел бұза отырып, «бір жұмыс күні ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған» деген негізбен технология пәнінің мұғалімі А.З.Аубакировты жұмыстан шығарған. Істі сотта қарау барысында 11 ақпан 2015 жылы А.З.Аубакировтың жұмыс орнында үздіксіз үш сағат уақыт болмағаны нақты дәлелдермен бекітілмегендіктен, сот мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Е.Кемежанов А.З.Аубакировты жұмыс­тан негізсіз босатқан деп тауып, ҚР Еңбек Кодексінің 177-бабының 1-бөлігіне сәйкес еңбек шартын негізсіз бұзылғанын, жұмыстан заңсыз шеттетілу себебінен тоқтатылғанын анықтап, жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жойып, жұмысқа қайта орналастыру, лажсыз бос жүрген күндеріне айлық жалақысын өндіру туралы арызын толық қанағаттандырып және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызын ішінара қанағаттандыру туралы шешім және орын алған кемшіліктерді жою туралы жеке ұйғарым шығарды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер