Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Ұлт болашағына жасалған сенімді серпіліс

Қазақстан Президентінің әрқашан өзінің батыл стратегиялық шешімдері бар екенін әлем тағы да мойындады. Президент жариялаған бес институттық реформа, оны жүзеге асыру бағытында жасалған 100 нақты қадам ұлт болашағы жолында жасалған маңызды бастама болып отыр.

Осы тарихи оқиғадан тыс қалмау-әрбір қазақстан­дықтың перзенттік парызы болмақ. Онда айтылған заманауи және кәсіби мемлекеттік аппарат құру, индустрияландыру қайта жаңғырту, біртұтас ұлтқа айналу, транспарентті және есеп беретін мемлекет қалыптастыру, заңның үстемдігі мен жекеменшік құқыққа кепілдік беру міндеттері алға қойылды.
Мемлекетімізді дамытудың алғы­шарт­тарының бірі болып саналатын осынау міндеттер қаншалықты ауқым­ды болғанымен, біз алға қойған мақсаттарға жетіп, бар кедергіні жеңеті­німізге сенімдіміз. Біз Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен “Нұрлы жол-болашаққа бастар жол” атты Жолдауында айтылған Мәңгілік Ел идеясын осы реформаларды шеше отырып, жүзеге асыратын боламыз.
Осы құлшынысымыз жаһандық және ішкі сын-қатерлерге төтеп беріп, 30 дамыған елдің қатарына енуге бетбұрысымыз болмақ. Ол үшін баршамыздың рухымыз күшті, жеңіске деген құлшынысымыз берік, мақсатымыз айқын, сеніміміз нық болуы керек. Сонда ғана біз алмайтын асу қалмайды.
Біз қарышты қадамды, жасампаздық істердің жаршысы болған, уақытпен таласқан қайсар халықпыз. Сондықтан да, біздің көздеген межеге жететініміз анық.

Орынбасар Айтуов, зейнеткер.
Үшарал ауылы.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер