Жөндеуден өтіп, жәдігерлермен толықты
- Толығырақ
- Құрылды 09.07.2015 05:23
- Категория: Мақалалар
Музей- тарихымызды түгендейтін, танымымызды қалыптастыратын қастерлі мекеме. Онда адамзаттың өмірінде ғасырларға жалғасып келе жатқан құнды жәдігерлер көрініс тапқан.
Өткен ізімізден сыр тартатын қасиетті орынның бірі-отыз жылға жуық тарихы бар қаламыздағы аудандық тарихи-өлкетану музейі жуырда «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізіліп, құнды мұралармен толықты.
Астана күніне орай қайта жанданып, талапқа сай, жаңа үлгіде көпшілікке есігін айқара ашқан музейге келушілер алдында сөз алған облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Есіркеп Айтуаров: «Ұлытаудағы сұхбатында Елбасы мәдени мұралар тақырыбына көбірек тоқталды.
Ия, жәдігерлер ұлттық болмысымыздың көрінісі. 15 млн.теңге бөлініп, күрделі жөндеуден өтті. Өткеніңді білмейінше, бүгінгі күннің, келешектің мақсатын түсіну мүмкін емес. Біздің тарихымыз бай мұраларға толы. Ендеше, өткенімізді құнттап, барымызды бағалайық!»,- деп мекеме ұжымының еңбектеріне сәттілік тілеп, теледидар табыс етсе, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пернебек Оспанов көмбеге толы мекеменің ел игіліге қызмет жасай беруіне тілеулестігін білдірді.
Айтса айтқандай, музейдің ішкі көрінісінде көз тартар ерекшеліктер байқалады. Полентология-археология, этнография бөлімі, ауданымызға еңбегі сіңген айтулы азаматтар, Қазақстанның бүгінгі келбетіне берілген орындар ретімен орналасса, құнды жәдігерлер енгізілген чеч-смарт экраны келушілер назарын бірден аударады.
Қатар келген қуанышқа ізгі тілегі мен өз құттықтауын білдірген аудандық Мәслихаттың хатшысы Жұмабек Әсемов музей қорына Жамбыл облыстық Мәслихаты кітабын тарту етті. Сондай-ақ, бұл күні көпшілік тарихы терең экспонаттармен танысып қана қоймай, оқушылардың дайындаған әдеби монтажын тамашалады.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы