Бизнесте басты талап-біліктілік
- Толығырақ
- Құрылды 09.07.2015 05:32
- Категория: Мақалалар
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты экономикалық өсу жолындағы нақты тапсырмасын орындауға арналған кезекті жиын аудандық кәсіпкерлер үйінде болып өтті.
Жиынды ашып, сөз алған Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының Талас аудандық филиалының директоры А.Байзатов жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету мен жеке кәсіпкерлікті мықтау үшін ең алдымен, шағын және орта бизнестің даму жай-күйінің реттеуге тәуелді екенін айта келіп, кәсіпкерлік саласындағы өзгеріске ұшыраған заңнамалықтар мен жаңалықтарды тілге тиек етті.
Аталмыш жиынның жетекшісі, аудандық филиалдың “Кәсіпкерлікті қолдау орталығы” бөлімінің кеңесшісі Гүлмира Сабырханқызы Шомаева кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес, шаралары жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бойынша сөз қозғап, қаржылай емес, қолдауда 1) кәсіпкерлікті ақпараттық- талдамалық қамтамасыз ету; 2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту; 3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру; 4) іскерлік байланыстарды кеңейту сынды төрт тетігіне тоқталды.
Одан әрі сөзін жалғаған Гүлмира Сабырханқызы бағдарлама шеңберінде қызметін экономиканың басым секторында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» орталығының қатысушылары бола алатындығын және ол оқыту жөніндегі шығындарды төлеу уәкілетті орган мен «Назарбаев университеті» арасында тиісті шартқа қол қою арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатындығын да айтты.
Сондай-ақ, жиында еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамыту жолында шет елден сарапшы маман шақыртып, өз саласының тасын өрге домалатамын дегендерге мүмкіндіктердің оң шешімін тапқандығы төңірегінде дәлелді мысалдармен түсіндірілді.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы