Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Біз мектепке барамыз

«Болашақ» балабақша­сында «Ақжелкен» ортаң­ғы тобындағы 25 бала тәрбиешісі Мақпал Жапбасбаеваның жетекшілі­гімен «Қош бол, сүйікті балабақшам» атты ертеңгілік өткізді.


Жүздері бал-бұл жанған балалар қуанышты шара алдында:
Қыркүйектің бірінде,
Біз мектепке барғанда.
Тек «бестікпен» оқуға,
Апайларды сыйлауға,
Тәртіпті де болуға,
Ант береміз! – деп бірауыздан ант беріп, балабақшасы туралы тақпақтар айтты.
Алмаз, Арайлым, Жібек, Әділжан, Солидат, Даниял, Ералы атты балалардың мәнін түсіне мәнерлеп оқыған тақпақтары көпшілікті қуанышқа бөледі.
Бұл күні балабақша тәрбиеші­лері де сырт қала алмады. Олар бүлдіршіндер үшін «Балаларға тілек» әнін орындаса, балалар “Бақшада” әнін шырқап, «Қоштасу вальсі», «Әкелер мен қыздар» биін билеп, көрерменнің ықыласына бөленді.
Ал, қарақшы мен тасбақа арасындағы көрініс, тіпті, шынайы шықты.
Балалар «Біріншіге бара­мыз» әнін орындап, балабақша қабырғасында алған білімдерін ата-аналарына көрсетіп, қуанышқа қуаныш қосты.
Білім ханшасы, Күнделік, Жалқаубек арасындағы қойы­лым кімді де болса, бей –жай қалдырмағаны анық.
Ата-аналармен болған ойын өте әсерлі болды.
Таңертеңгілік соңында «Болашақ» балабақшасының меңгерушісі Майра Салыбекова мен ата-аналар атынан сөз сөйлеген Бақытжан Бижұманов балабақша ұжымына алғыс айтып, балаларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, балаларға сыйлықтар үлестіру де естен шыққан жоқ.

Айжан УскинбЕКОва
«Болашақ» балабақшасының әдіскері.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер