Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Көшеде иесіз малдар "көшіп" жүр

Қаратау қаласының сәні мен салтанаты оның жасыл желекке жамылған тал-да­рақ­тары мен қызылды-жасылды гүл­­дермен көмкерілген гүлзар­лары. Шағын қаламыздың өзінде оның шырайын ашатын «Жастар», «Наурыз», «Білім», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы және «Орталық» сая­бақтары бар. Әрқайсысына өзін­дік ерекшеліктері тән.

Ал енді, иесіз малдардың қа­ланың көшелерінде емін-ер­­кін жүруі тұрғындардың орынды өк­пе-ренішін тудыруда. Олай дей­тініміз, әлгі малдарымыз жа­сыл өскіндерге жаудай тиіп, жапырып барады. Сонымен қатар, көшелердегі жылқының бейбере­кет тезегі мен сиырдың жапасы былайғы жұртшылыққа жайсыз­дық әкелуде. Қасиетті жылқы ма­лы мен сиырды айтпағанда, есекке дейін көшелерімізде «көшіп» жүр.
Қаладағы қаңғыбас иттер мен мысықтардан ұйықтатып, атып құтылатын едік, ал, осы «қаңғыбас» малдардан құтылу қиын болып тұр. Себебі, оларды қамап, иелеріне айыппұл салуға әзір мүмкіндік жоқ. Иесіз малдарды тек аулаққа айдап салумен ғана шектеліп отырмыз.
- Қазір көшеде жүрген малдарды қамап қоюға қатысты арнайы заңды құжат әзірлеп жатырмыз, -дейді қала әкімінің орынбасары Нұржан Садықбеков,-бұл құжат тиісті орындардан бекіп келгеннен соң пәрменді шараларды жүзеге асырамыз.
Редакциямызға бас сұққан қала тұрғындары М.Тұйғынбеков, В.Никитин және М.Берікбаев осы иесіз малдарға қатысты олардың иелеріне өз реніштерін айта келіпті.
Шын мәнінде, қаланың қай жағына да мойын бұрсаңыз осындай келеңсіз көрініске куә боласыз. Әсіресе, келімді-кетімді қонақтарымыздан ыңғайсыз бо­лып жүр. Сиыр малын қасиетті санайтын үнділіктер секілді Зең­гі баба тұқымының емін-еркін бұл жүрістері былайғы жұртшы­лыққа тосын көрінері анық.
Ал, мал қожайындары бей­қам. Оларға осы тірлік ұнайтын сыңайлы. Шаһарымыздың шы­райына кері әсерін тигізіп жүр­ген осынау кереғар көріністер­ге қатысты қала әкімі жеке секторлардағы жиындарда бір­неше мәрте аталмыш мәселе­ні көтергенімен әзірге нәтиже шықпай отыр.
Сондықтан, жоғарыдағы мал иелеріне барынша қатаң шара қолданатын кез жеткені анық.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер