Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Рысқұл Жылқыайдарұлы-тарихи тұлға

Қазақтың біртуар ұлы, халқының бақыты жолында басын бәйгеге тіккен адал перзенті Тұрар Рысқұловтың атын әлемнің жарты елі біледі десек, артық айтқандық болмас.

Жастайынан қиыншылықтың қазанында қайнаған ол 10 жасында әкесі Рысқұлмен бірге түрменің ыс сасыған қапасты бөлмесінде жатып, “Түрме баласы» атанды. Ауылындағы желмен жарысқан «Қызыл жебе» атты жүйрікке еліктеп, өзін «Қызыл жебемін» деп атайтын ол осылай «Түрме баласы» болып шыға келген еді.
Түрмедегі ауыр күндер оны болаттай шыңдады. Ақыры, елінің елдігі жолында еңсесін бүкпеген, туған елінің тізгінін қолына ұстаған айтулы азаматқа айналды.
Осындай тау тұлғаны дүниеге әкеліп, алмас қылыштай қиып түсер, жасындай жарқылдаған азамат етіп тәрбиелеген әкесі Рысқұл туралы не білеміз?
Рысқұл Жылқыайдарұлы ХІХ ға­сыр­дың 80-жылдары пат­ша әкімшілігінің озбырлығына шы­да­май, Сырдария облысының Черняев уезінен (Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген еді. Ол сол кезде-ақ патша жандайшаптарының қитұрқы істеріне қарсы тұрып, күш-жігері қайтпас қайсар мінезі, адалдығы арқасында еліне “Батыр” атанған адам болды. Рысқұлдың осы қасиеті оның ұлы Тұрарға да жұғысты болғаны белгілі. Тектіден текті туады деген осы болса керек.
Жетісу жеріне қоныс аударып келген Рысқұлды мұнда да бай-манаптардың ашкөздігі мен зұлым­дығы күтіп тұр еді. Сондайлардың бірі, Саймасай Үшкемпіров деген болыс болатын. Тізесі әбден бат­қан болысты 1904 жылы желтоқсан­да Рысқұл атып өлтіреді де, Верный қаласының түр­месіне қамалады. Міне, сол кезеңде ол ұлы Тұрарды өз жанымда болсын деп, түрмеге алдырады. Осы жерде Тұрар да орысша сауат ашып, саяси көзқарасы қалыптасады.
Рысқұл Верный түрмесінің қабырғасын тесіп, қашып шыққанан кейін ауылына жоламай, түзде біраз жүрген ол кейін қайта қолға түсіп, Иркутскіге жер аударылғанда жол-жөнекей кон­вей­лар­мен тіл табысып, ешқайда қашпайтынына сендіріп, бір мезгіл қол-аяқтағы кісенінен ажырайды да, реті келген бір түні өз мылтықтарымен конвейларды атып өлтіріп, тағы да қашып шығады.
Осы жолы ол өз елімнен қашықта болайын деген оймен, Талас жеріне аяқ басады. Мұнда ол Ойық елінің ішіндегі Көкшекөзден тарайтын Жәдік атаның ұрпағы Тайжан нағашысының үйіне келіп паналаған.
Егер тарқата айтсақ, Тайжаннан Ізбайша атты қыз бен Дәуітбай, Көлжанбай атты екі ұл дүниеге келген. Ізбайшадан Рысқұл туады да, Дәуітбайдан Мақтагүл, Мақтагүлден Есберген, Көлжанбайдан Шахан, Шаханнан Мырзақұл, Мырзақұлдан Ұзақбай тарайды.
Нағашыларының арасында жүріп, қуғын-сүргін, түрме, айдаудағы аязды күндер қасіретін тартқан Рысқұл 1907-1908 жылдары ауырып қайтыс болады. Денесі Ойық ауылдық округіне қарас­ты Сейілбек елді мекенінің солтүстік-шығыс жағына ауылдан 4-5 шақырым жердегі төбеге қойылады.
Рысқұлдың Талас жеріндегі өмірі туралы осы өңірдегі Мәуебек, Берден, Оспан, Тәкен, Өскенбай, Сатыбалды, Көбес сынды ақсақалдар жақсы білгенге ұқсайды. Қазір аталмыш кісілер о дүниелік болған. Кейінгі жастар Рысқұл туралы кең толғап айта алмайды. Тұрардың бөлесі болып келетін осы Сейілбек ауылының тұрғыны Есберген ағамыз (Дәуітбайдың қызы Мақтагүлдің ұлы) Тұрардың 1916 жылы түп нағашыларына келіп, әкесі жатқан жерді көргені жөнінде қысқаша мәлімет берді.
1916 жылы Тұрар Меркіге ке­ліп, Ақкөз Қосанұлы бастаған көтеріс­шілердің саяси жетекшісі болып жүргенде Талас жеріндегі Ойық уезіне келген екен. Сонда оны қарсы алған Дәуітбай нағашысына: «Әкем жатқан жерді көрсетіңізші»,- деп сұранады. Дәуітбай оған әкесінің қабірін көрсеткенде, сенімсіз қалыпта тұрған Тұрарға Дәуітбай нағашысы Рысқұлды жерлегенде қабірге оның қанжарын да бірге қойғанын айтады. Артынша ауыл ақсақалдарын жина­тып, Құран оқытады да, қабірді аштырады. Сонда қабірде жатқан адамның кеудесіндегі қанжарды көріп, бұл қабірдің әкесінікі екеніне сенген екен.
Кейінгі жылдары Ералы Дадабаев ағамыз Талас ауданының басшысы болып тұрғанда өз жетекшілігімен Рысқұлдың қабірін жөнге келтіріп, басына құлыптас қойдырыпты.
Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданынан Ұлы Отан соғысының ардагері, 91 жастағы Мұратәлі Төлепбергенов пен Түлкібас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалаубек Анашев ақсақал бастаған жиырмаға жуық кісі Сейілбек ауылына ат басын тіреп, Рысқұл бейітінің басына жиналды. Онда олар туысы Рұсқұлдың басына Құран бағыштап, өздерімен бірге ала келген еңселі Құлыптасты қабір басына қойып, оның айналасын қоршады.
Бейіт басында сөз сөйлеген түлкі­бастық Өміртай қария Рысқұлдың өз заманыныдағы шындық үшін шырылдаған айтулы, елі батыр атаған атпал азамат болғанын баяндаса, Мұратәлі ақсақал да Тұрардың Тұрар болуына әкесі Рысқұлдың ықпалы зор болғанын жеткізді.
Қалған әңгіме Сейілбек ауылын­дағы санасы биік, шәкірттерді білім нәрімен сусындатып жүрген Жәнібек Тұрар деген жігіттің қадірлі қонақтар үшін жайған ақ дастарханының басында жалғасты.
Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Марат Қалтаев Тұрар Рысқұлов туралы кеңде ауқымды деректі фильм көрсетсе, Өміртай және Мұратәлі ақсақалдар, Түлкібас аудандық мәслихатының депутаты Сәтбай Қасымбек, Тұрардың туысы Тұрлыбек Молдабеков Рысқұл мен Тұрар жөнінде тың деректерді алға тартты. Ал, Түлкібас ауданынан сай­­лан­ған облыстық мәслихаттың де­­пу­таты Келесбек Жартыбаев Рысқұл қабіріндегі бұрын қойылған Құлпытасты алып барып, өздеріндегі Т.Рысқұлов атындағы мұражайға қоятындарын айтып, осы Белгітасты қойған таластықтарға ризашылығын білдірді.
Ұлы да заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасында» басты кейіпкер болып алынған Бақтығұл –Рысқұлды шы­нын­да да өз заманының бетке ұстар, зорлық-зомбылыққа қасқайып қарсы тұрған батыры деуге болады.
Шерхан Мұртаза ағамыздың «Қызыл жебе» романында Рысқұл бейнесі жан-жақты ашылып, шынайы суреттеледі.
Рысқұл түрмеден қашып шығып, түнделетіп ауылына келгенде еш­кімге білдірмей, Шабдар атты жете­гіне ала, Тұрарды түн жамыла құшақтап тұрып: “Ел не десе де, сен қаңқу сөзге құлақ аспа. Мен ешқашан адамдық жолдан тайған емеспін. Бай-манап болыстардың итермелеуімен қайбір істерге барсам да, адалдақтан аттаған жоқпын. Менің жолым –тек адамдық пен адалдық жолы”,-дейді.
Иә, Рысқұл жолы көмескілен­бей, болашаққа қарай сайрап жа­тыр. Ол жолды әке аманатына адал Тұрар ары қарай жалғаса, қазіргі жас ұрпақ тәуелсіздік шапағына оранып, Тұрар жолымен жасам­паз істерге құлаш ұруда.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер