Жүйелі жұмыс жалғасын табады
- Толығырақ
- Құрылды 21.09.2015 03:56
- Категория: Мақалалар
Қазіргі уақытта қала аумағында абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстары дұрыс жолға қойылған. Бұл алғашқы ретте көктемгі және күз айларында өткізілетін екі айлық тазалық жұмыстарының нәтижесі.
Қаладағы мекеме, кәсіпорындар арасында 11-12 қыркүйек күндері сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында санитарлық тазарту, талдарды әктеу, арықтар мен жол жиектерін тазарту жұмыстары атқарылды. Сенбілікке 300-ге жуық адам қатысып, арнайы 5 техника жұмылдырылып, 15-16 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары тиісті орынға шығарылса, 18 шақырымнан аса арық-атыздарының іштері тазартылды. 2300-ге жуық тал-дарақ әктелді.
Тазалық қаламызға тек көрік қана беріп қоймайды, жекелеген адамның көңіліне де күй сыйлайды. Ендеше, көшелер мен ауламызды таза ұстау, ұйымдастырылған сенбіліктерге атсалысу-әрбір тұрғынның міндеті.
Болашақта сенбілік жұмыстары мұнымен шектелмей, әр аптаның жұма, сенбі күндері жалғасын табатын болады.
Бағдат Мадалиев,
қала әкімі аппаратының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімше басшысы.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы