Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Сәті түскен сапар

Нарбол Қашаған,
“Талас тынысы”

Қазақ хандығының 550 жыл­дығына орай Тараз шаһары қайта түледі.

Әсем нысандар мен зәулім ескерткіштер бой түзеп, қала шырайын асқақтата түсті. Ау­дан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудан­ның ардагерлері Валентина Артамонова, Галина Шуваева, Светлана Голубева, Болат Ордабаев облыс орталығында болып, көрнекті жерлерді тамашалап қайтты. Сапар барысында өз әсерімен бөліскен Қаратау қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Исінбай Алтыбаев: - Шаһарымыз ша­ғын болса да, ерекше көрікке ие. Қазақ хандығының 550 жыл­дығында тұғырлы ескерткішті ашу үстінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламызға жоғары баға бергені ел есінде. Жәнібек пен Керей ханға орнатылған еңселі тұғырдың кейінгі ұрпаққа берер тәрбиелік мәні зор. Әрбірден соң, бұл еліміздің намысы. Безендірілген қала көшелері де, бойға ша­быт сыйлады,-деп сапарды ұйым­дас­тырушылар тарапына өз риза­шылығын білдірді.
Қаланың көз тоймас көр­кі тамашалаушылардың көңі­ліне қанат бітіріп, бойына мақ­таныш сезімін сыйлағаны сөзсіз.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер