Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Кемшілік т үзелмей, тірлік алға баспайды

Қамысбай сауқымов, «Талас тынысы»

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы мен Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Оған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серік Дадабаев, Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Дүйсен Нұрбалтаев, Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Мадияр Міралиев, аудандық мәслихат депутаттары, комиссия мүшелері мен мекеме басшылары қатысты.

 

Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша алғашқы сөз кезегін алған «Жұмыспен қамту орталығының» директоры Роман Қырықбаев «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағ­дарламасының орындалу барысы туралы әңгімеледі. Р.Қырықбаевтың айтуынша, 2015 жылдың 1 қарашасына дейін 1869 адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде, 966 азамат жұмыссыз отырғандар қатарынан, ал, 903 адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар екен.
Сондай-ақ, ол бұл бағдарламаның 3 бағыт бойынша жүргізілетінін түсіндіріп, инженерлік-коммуникациялық әлеуметтік инфраструктуларды және ауылдық елді мекендерді кеңейту (І бағыт), ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту (ІІ бағыт), жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және оқыту арқылы тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету (ІІІ бағыт) бойынша әңгіме өрбітті.
Баяндамашы сөзінен соң:
- Ауылдардың бірқатары несие ала алмай отыр. Неге?-деген сауалға Р.Қырықбаев Есейхан ауылында осы орта­лық арқылы өткен жылы 7 адам несие алса, биыл 6 адам несие алғанын, негізінен барлық ауылдарды қамтып отырғандарын жеткізді.
Сонымен бірге, екінші мамандық алу мақсатында биыл кәсіби даярлау курстары неге ашылмай отырғанын түсіндіріп беруін сұрағанда, ол 2011-2012 және 2014 жылдары даярлық курсынан өткен 108 адамның 28-і әлі күнге дейін жұмыссыз отырғанын баяндап, биылғы жылға қаражат қарастырылмағанын түсіндірді.
«Қаратау» бастауыш партия ұйымының төрағасы Байдүйсен Кенжеев өз ұйы­мында атқарылып жатқан қыруар істерді баяндаса, осы «Қаратау» бастауыш партия ұйымының жұмысын тексерген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Мейірім Таңата­рова мен партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Жексенбі Шоңғар «Қаратау» бастауыш партия ұйымында ешқандай жұмыс­тың жүргізілмегенін, атқа­рылған істерді дәлелдейтін құжаттардың жоқтығын, төраға өз міндетін дұрыс түсінбейтінін баса айтты.
Осыған орай Б.Кенжеев те бірқатар дәлелдерді алға тартты.
Бірлескен отырыс «Қаратау» бастауыш партия ұйымы тарапынан кеткен кемшіліктерді қалпына келтіру жөнінде қаулы қабылдады.
Бұдан кейін Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы жақында қабылданған респуб­ликалық Қоғамдық кеңестің Қаулысымен таныстырып, «Нұр Отан» партиясының «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы», жол картасының орындалу барысы туралы аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерік Мамадияров өз есебін берді. Ол спорт мектептері мен кешенінде сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес қатаң бақылауға алынып, атқарылып жатқан істерге тоқталса, осы бөлімнің жұмысын тексерген «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Айтолқын Әбдібекова мұнда да кемшіліктердің бар екендігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бұрыштың, іс қағаздарының, айлық, жылдық жоспардың жасалмағанын баяндап берді.
Дене шынықтыру және спорт бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандыру және құжаттарды реттеу бойынша қаулы қабылданды.
Ал, аудан әкімдігінің ветеринария бөлімі басшысы­ның міндетін атқарушы А.Қарбаевтың есебіне орай Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Сабырғали Рысбаев ветерина­рия бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдан­ған үкіметтік Жарғылар мен Қаулылардың, Ұлт жос­па­ры - «100 нақты қадам» бағ­дарламасы жөніндегі ар­найы бұрыштың жоқтығын, баспасөз беттерінде осы ба­ғытта ешқандай мақа­ла жарияланбағанын, іс қа­ғаздарының қолға алынбағанын баса айтты.
Ветеринария бөлімі бойын­­ша да аталмыш мәсе­ле бойынша жұмысты алға бас­тыру жөнінде қаулы қабыл­данды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер