Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Ерлікке тазым Меркі ауданында Сәду Шәкіровке бюст қойылды

Мадина ЖАРАС, “Талас тынысы”

Ел басына күн туып, ер етігімен су кешкен заманда қайсар халықтың танытқан ерлігі мен өжеттілігі талай жас буынға үлгі тұтарлық іс болғаны шындық. Ұлы Отан соғысы жылдарында сол етігімен су кешкен ерлердің ерлігі жайындағы естеліктерді өскелең ұрпақ естіп өсті. Ең бастысы, сол ұлы жеңіске жеткізген ерлік ескірмей, ерлердің есімі ұмытылмаса-дейміз.

 

Жуырда Меркі ауданын­да Кеңес Одағының Батыры Сәду Шәкіровке қойылған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты болып өтті. Ба­тырға ескерткіш-бюст ор­натуға ұйытқы болған, әрі демеушілік жасаған Сәду Шәкіровтың немере інісі Берікбаев Марат Бал­ғынбайұлы. Ескерткіш-бюст Меркі ауданындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметі­нің №2035 әскери бөлімінің заставасы­на қойылды. Атал­мыш, әске­ри бөлімге Сәду Шәкіровтың есімі 2012 жы­лы берілген болатын.
Кеңес Одағының Баты­ры атағы Сәду Шәкіровке 1943 жылдың 30 қазанында берілді. Оның соғыстағы ер­лігі, қанды жорық жол­дары 106-Забайкалье ат­қыш­тар дивизиясының 188-Ар­гун атқыштар полкінің құ­ра­мындағы және тағы бас­қа майдан даласындағы ұрыстарда көрінді. Сәду Шә­кіров Украинада болған ға­ламат шайқаста Днепрден өту кезінде жауған оқтан аман өтіп, асқан батырлық таныт­ты. 1943 жылы Львовтың оңтүс­тік батыс жағындағы 138,6 биік­тікке алдымен жетіп, оның төбесіне ту тікті.
Таластың тумасы Сәду Шәкіровтың ескерткіш-бюс­тінің авторы мүсінші Сеитов Әлиасқан Асанханұлы болса, оны тұрғызуға еңбек еткен құрылысшылар Нұрболсын Ұзынбаев пен Қайрат Юсупов.
Мәрмәр тастан қашалып қаланған батырдың бюстіне қазақтың біртуар азаматы, елінің ерке ақыны атан­ған Нарша Қашағанұлының Сәду Шәкіровке арнаған “Ескерткіш” өлеңінің
- “Батыр деген жарқ-жұрқ еткен бір алмас,
Батыры жоқ елдің басы құралмас.
Батырларын қастерлеген халықты
Басқалар да бағаламай тұра алмас”,-деп өрілген алғашқы шумағы өрнекте­ліп жазылыпты.
Салтанатты шараға ҚР ҰҚК “Оңтүстік” Шекара қыз­меті, “ЮГ” аудандық бас­қармасы, “Нұр Отан” пар­тиясы облыстық фи­лиалы төрағасының орын­басары Шабден Тілеумұрат пен батырдың жақындары қатысты. Шара соңында Меркі аудандық мешітінің имамы Қарабала Төре Ба­тырдың рухына Құран бағыштады.
Шараға жиналғандарға ас берілді.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер