Кемеңгер
- Толығырақ
- Құрылды 30.11.2015 04:16
- Категория: Мақалалар
Тәуелсіздігін ту еткен Қазақстан бүгінде демократиялық даму жолында алуан-алуан асуларды алып, биіктіктерді бағындырды. Ел өмірін жаңарту жолындағы басты фактор-Президент билігі. Әсіресе, елімізде қайта құру мен өтпелі кезең міндеттерін шешуі барысында президенттік биліктің маңызы өте күшті болды.
Бұл ретте Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру мен дамытуда шешуші рөлді Президент атқарғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан, 2012 жылдан бастап 1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күні деп шешіліп, оны жылда мереке ретінде атап өту жақсы дәстүрге айналды.
Бүгінгі Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың алдындағы танымалдылығы мен беделі тікелей Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Тұңғыш Президент күні-мемлекеттің мерейі мен мәртебесі. Бұл мереке бүгінде үлкен халықтық шараға айналып отыр.Аумалы-төкпелі кезеңнен өтіп, мемлекеттің іргетасын қалаған, қайта құру жылдарындағы қиыншылықта ел экономикасын құлдыратпай алып шыққан бірегей тұлғаны ұлықтау әбестік емес болар.
Бүгінде мемлекет басшысының ғаламдық деңгейдегі көшбасшылық қасиеттері ел дамуына зор ықпал етіп отыр. Осы тұрғыдан алғанда Елбасының салған сара жолы, оның көрегендігі мен кемеңгерлігі ел дамуын әлемдік деңгейге көтерді. Шындығында, Нұрсұлтан Әбішұлы ғасырлар тоғысында әлемдік саясатқа ықпал ете алған санаулы тұлғалардың алдыңғы қатарынан көріне алды.
Аузын айға білеген әлемнің алпауыт елдерінің өзін алаңдатқан дағдарыс біздің елді айналып өтпегені анық.Дағдарыстың дақпырты жер жаһанды шарпып тұрған осындай кезеңде елдегі тұрақтылықты сақтап, экономиканың одан әрі дамуына Елбасының барын салары хақ.
Осы мақсатта бүгіннің өзінде мемлекет басшысы бірқатар саяси маңызды мәселелерді қамтитын шараларды қолға алып, үкіметке басты бағыттарды тапсырды. Президенттің кәрі құрлыққа жасаған іс сапары да елеулі оқиға.
Уақыт өткен сайын тәуелсіз еліміз салиқалы саясаттың арқасында жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл ретте Президенттің жасампаз, жаңашыл тұлғасы әрбір қазақстандыққа үлгі-өнеге. Олай болса, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудің, оны халықтық мерекеге айналдырудың өнегелік орны өте зор.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы