Ел игілігі-мұратымыз
- Толығырақ
- Құрылды 06.01.2016 03:39
- Категория: Мақалалар
Жуырда Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте ҚР-сының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы талданды. Бұл шараға аудандық мәслихат депутаты, А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия директоры Д.Нұрбалтаевпен мектеп директоры Е.Жанұзақов қатысты. Жиында мектеп мұғалімдері тарапынан мектептің кіші қызметкерлеріне Жолдау туралы жақсы пікірлер айтылды.
Мектепішілік “Нұр Отан” партиясының төрайымы И.Нұраханова Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп ұжымын Жолдауда айтылған бірнеше мәселелермен таныстырып баяндама жасады. Жарыссөзге директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Т.Султанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Аяпова шығып, Жолдаудың халық үшін маңыздылығын, оның ел игілігіне, халықтың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтып өтті. Жолдауды Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің ұжымы қызу қолдады.
Қабыл САДУАҚАСОВ,
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы