Шахмат турнирі өтті
- Толығырақ
- Құрылды 06.01.2016 04:22
- Категория: Мақалалар
Биылғы күзден бастап ТарМУ-нің «Жалпы білім беру пәндер» факультетінде дайындық бөлімі ашылды. Жүзге жуық қыздар мен жігіттер Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Түркіменстан және басқа елдерден келіп, білім алып жатыр.
Осы бөлімнің тыңдаушыларының арасында «Шабыт» эстетикалық клубының жетекшісі, аға оқытушы Оразбекова Фатима Қойлыбайқызы Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап шахмат турнирін өткізді.
Жалпы, 9 ойыншы қатысты. Жасөспірімдер тек сабақ оқумен шектелмей, бос уақыттарын пайдалы және ақылды ойынмен айналыссын деген оймен жарыс 2 тур бойынша өтті. Жарыс қорытындысында Есмырза Алимқұлов - 1-орын, Айбек Бектаев - 2-орын, Марина Анарбекова - 3-орынды иеленді.
Факультет деканы және «Шабыт» клубының атынан арнайы дипломдар беріліп, Ф.Оразбекованың өз атынан дайындалған сыйлықтар тапсырылды.
Әлия Шымырбаева,
тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы