Білім мен тәжірибе үндестігі
- Толығырақ
- Құрылды 02.02.2016 04:43
- Категория: Мақалалар
Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке мақсатына айналуы тиіс. Осындай алға қойған мақсатпен Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің білімгерлері «Астана» балабақшасына іс-тәжірибеден өтуге нұсқаулық алған еді.
Білімгерлерді балабақша өміріне қатыстыру, балалармен тиімді жұмыс жасау мен білімін жетілдіруді талап етеміз. Бұл мәселені нәтижелі шешуге бізде «Мақта қыз бен мысық» ертегісі жол ашып отыр. Тәрбиешілерден алған тәжірибесімен білімгерлер өздерінің білімдері мен тәжірибелерін үндестіре отырып іс-жүзінде пайдаланды. Ең бастысы, білімгерлер шығармашылығына жол ашылды.
«Аққу», «Ақжелкен» ересек топтарының бүлдіршіндері ертегі желісі бойынша өздеріне берілген рөлдерді жоғары деңгейде орындап шықты.
Жас білімгерлеріміз оқып, үйренгенін іс-жүзінде тәжірибе жинақтауына мүмкіндік алды.
Айгүл Оңғарбаева, Айгүл Ережепбаева,
«Астана» балабақшасының тәрбиешілері.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы