Салық еселеп өсті
- Толығырақ
- Құрылды 05.02.2016 08:44
- Категория: Мақалалар
«ТТ»-ақпарат»
Апта ішінде Талас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері қорытынды есеп беру жиынын өткізді.
Жиында басқарма басшысы А.Ажмаханов аталмыш сала қызметкерлерін ауданымыздың экономикасына қосылған түсімдермен, өсімдердің бірнеше пайыздап өскенінен хабардар етті. Сандардың статистикалық мәліметі бойынша республикалық, облыстық, аудандық және жергілікті бюджеттен түскен түсімдер еселеп өскендігі байқалады.
Осы аталған жетістіктерге уәкілетті органдардың ұсынған мәліметтеріне сәйкес, салық төлеушілердің табыс еткен салықтық есептіліктері мен есеп-қисаптарына жүргізілген камералық бақылау мен салық төлеушілерге жүргізілген түсіндіру жұмыстары нәтижесінде берешек сомаларын өтеуге қол жеткізілген
Аталмыш жиында өткен жылды жоспардан артық орындаған кіріс басқармасының қызметкерлері еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолында салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдерді толық қамтамасыз ету басты міндеттері екенін тілге тиек етті.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы