Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Кезектен тыс XVI партия конференциясынанСайлауалды бағдарламаның бағыттары талқыланды

Дүйсен МОЛДАҚҰЛОВ,  “Талас  тынысы”

Өткен сейсенбі күні Ба­лалар өнер мектебінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XVI конференциясы өтіп, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясының «Қа­зақ­стан-2021: Бірлік. Тұ­рақ­тылық. Жасампаздық» сай­лауалды бағдарламасы туралы» «Нұр Отан» пар­тиясы аудандық филиалы­ның төрағасы, аудан әкімі Б.Қ.Рысмендиев баяндады.


- «Нұр Отан» партия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен өткен пар­тияның кезектен тыс XVIІ съе­зінде партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданғанын білесіздер,-деді Болат Қанатбайұлы,-осы бағдарлама аясында бірқа­тар нақты міндеттер қойды.
- «Нұр Отан» партиясы­ның 17 жылдық көшбасшы­лығы ел экономикасын­дағы және қоғамдағы нақ­­ты жетістіктердің ті­регі­не айналды. Осы уа­­қыт­тың ішінде ұлттық эко­но­микамыздағы жалпы өсім 23 есеге ұлғайды. Соңғы 6 жылда эконо­миканың 28 жаңа саласы пайда болды. 890 жаңа өндіріс өз жұмысын бастады. Бұрын бізде өндірілмеген жаңа 400 өнім түрі Қазақстаннан шыға бастады. 17 жыл ішінде жан басына шаққандағы жал­пы ішкі өнім 20 есеге өсті.
Аудан экономикасына 2015 жылы 8 млрд. 952 млн. теңге көлемінде инвестиция­лар са­лынып отыр,-деген ау­­дан басшысы аудан көле­мінде тартылған инвести­цияларды атап көрсетті.
- Бүгінгі таңда нұротан­дықтар Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау науқа­нына жан-жақты дайын­да­лып, праймериз арқылы үміткерлерін ұсынды. Оларды таңдаулы, Елбасының рефор­маларын жүзеге асыруға белсене қатысатын білікті, іскер кадрлар деп санаймыз,-деп сөзін жалғады Болат Рысмендиев.
Келесі кезекте сөз алған «Нұр Отан» партиясы облыс­тық филиалы саяси кеңесі­нің бюро мүшесі, «TalasInvestmentCompany» ЖШС-нің бас директоры Б.Ә.Алдашов «Нұр Отан» партиясының XVIІ съезі алға қойған міндеттерге тоқталды.
- Ендігі кезекте бізге бір­лік пен тұрақтылықты сақ­тай отырып, даму белесте­рін әрі қарай бағындыру қа­жет. «Нұр Отан» пар­тиясының XVIІ съезінде Елбасы осын­дай маңызды бағыттарды белгілеп бер­ді. Сайлауал­ды бағдарлама сонысымен де құнды,-де­ген Бахтияр Әбілхайырұлы оларды са­ралап, жан-жақты түсінік беріп өтті.
Сонымен бірге, конфе­рен­ция жұмысында «Нұр Отан» партиясынан ау­дан­­дық мәслихаттың де­пу­таттығы­на кандидаттар ұсы­нылып, «Нұр Отан» партиясы об­лыстық фи­лиа­лының кезек­тен тыс XVIІ конферен­циясына де­легаттар сай­­лан­ды.
Конференция күн тәр­тібінде қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер