Жаңаруға бастаған жаңа қадам
- Толығырақ
- Құрылды 19.02.2016 05:41
- Категория: Мақалалар
Қазақстандықтарға ұсынылған “100 нақты қадам” бағдарламасы-дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін жасалған нақты, нық және қарышты алға ұмтылудың алғышарты.
Бағдарламаның екінші бөлігі тұтастай заң үстемдігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл-өте орынды. Халық әділдік пен қорған іздеп, заң орындарына барады. Сондықтан, заң саласын, құқық қорғау орындарын оңтайландыру, жаңғырту-орынды мәселе. Мұнда қоғамдық кеңес жүйесін құру да сөз болып отыр. Олай болса, қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттігі заңды түрде белгіленгені дұрыс.
Кез-келген арыз-шағымды қоғамдық кеңес мүшелерінің қарауы полицей жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді әрі тұрғындардың аталмыш қызметке, заңға деген сенімін орнықтыра түседі. Мұның ең артықшылығы-әлеуметтік әділетсіздіктерге жол бермеу.
Демократиялық қоғамдағы ең басты құндылық-адамның құқығы мен еркіндігі болса, оны жүзеге асырушы бірден-бір тетік-осы әділ заң мен құқық сақшылары. Сондықтан да, бұл реформаның еліміздің әрбір азаматына берері мол. Мұның еліміздегі құқықтық мәдениеті, құқықтық сананы биік дәрежеге көтеріп, мемлекетімізді әрі қарай демократияландыра түсудегі маңызы ерекше болмақ. Сондықтан, заңдардың үстемдігінің артуы-адам құқықтарының негізгі орынға шығуы деген сөз.
Қорыта айтқанда, бұл реформа мемлекеттік құрылымдар жұмысының халыққа түсінікті болуы, елдің шағымдана алу жүйесін жетілдіру яғни, елдің үні мен талап-тілегінің ескерусіз қалмауын жүзеге асыру.
Айжан АМОНОВА, заңгер,
Қаратау қаласы.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы