Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Бірлігі жарасқан берекелі елміз

Елбасы “Ұлт жоспары-100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет” атты бес институттық реформасын көпшілік жылы қабылдап, күні бүгінге дейін пікір алмасуда.

Бұл-мемлекетті заманның дауылы мен жауынына ұрындырмай, елімізді өркениет көшіне ілестіріп, дамуын одан әрі жалғай беретін баянды жоспар. Онда кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекет қалыптастыру секілді қадау-қадау мәселелер айтылған.
Бүгінде нұрлы жолға түскен Қазақстанның мұраты-Мәңгілік Ел болу. Тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету барысында үлкен жобалар қолға алынды. Осы кезеңге дейін еліміздегі ұлтаралық бірлікті сақтап, біртұтас халық жасақтауға байланысты үлкен жұмыстар атқарылды.
Аталмыш реформаны жүзеге асыру үшін елдің бірлігі мен ынтымағы ауадай қажет. Қазақстан халқының дос­тығы-баға жетпес байлық. Мәңгілік Ел идеясын өміршең ететін-ел бірлігі. Сол себепті, Елбасымыз институттық ре­формада меңзегендей, біздің кейінгі ұрпаққа аманат етер ең басты құндылығымыз-татулық, түсіністік болуы керек.
Н.Ә.Назарбаев: “Ғасырлар күтіп, әзер қол жеткен азаттықтан айырылып қалмау үшін ішкі татулықты да, сыртқы татулықты да көздің қарашығындай сақтай білу керек”,-деген еді. Ендеше, Елбасы халық алдына қойып отырған міндеттерді жүзеге асыруда бір үйдің баласын­дай, бір қолдың саласындай жұмыла еңбек еткеніміз жөн.
Фарида ҚОЙЛЫБАЕВА,
“Ақниет” балабақшасының тәрбиешісі,
Тамды ауылы.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер