Табиғат тазалығы-адамзат саулығының кепілі
- Толығырақ
- Құрылды 23.02.2016 04:12
- Категория: Мақалалар
Индира Еркінқызы, "Талас тынысы"
Адам табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан да халқымызда “Жер-Ана” деген ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай аялау, күту, қадірлеу әр адамның борышы.
Жақында аудан әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Назгүл Тұрлыбекованың ұйымдастыруымен дәстүрге айналған аудандық VIII экожобалар жарысы болып өтті.
ІІІ экологиялық форум ой-санасы қалыптасқан шығармашыл жеке тұлғаны дамыту, қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау және үздік шығармашылық жұмыстарын насихаттау мақсатында 7-11 сынып оқушылары аралығында өткізілді.
Форумда оқушылардың қолымен жасалған бұйымдары қойылған көрме көпшілікті бей-жай қалдырмады.
Байқауда он саусағынан өнер тамған өрендердің өндірістік қалдықтардан дайындаған түрлі тақырыптағы заттары таңданарлықтай болды.
Сонымен, әділқазылар шешімімен лицей оқушысы Нұрай Қанатқызы І орынды иеленсе, ІІ орынға Қойгелді орта мектебінің оқушысы Мадина Бабахан мен “Талас” негізгі мектебінен Нүргүл Әбділдақызы лайық деп танылды. Ал, үздік үштікті Алғабас орта мектебінің оқушысы Ақтөре Тойшыман, Ақкөл орта мектебінен Жанна Сағат пен лицей оқушысы Таңнұр Қолан қорытындылады.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы