Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Жасампаз жастар форумы

Мадина Жарас, "Талас тынысы"

Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастама­сымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылды­ғы­на арналған автокеруен өткен аптада ауданы­мызға ат басын тіреді.

 Арнайы жасақталған және Жолдауға байланысты безендірілген автокөліктер шеруін аудан жастары қазыналы Қаратаудың қақпасынан күтіп алды. Сапты бұзбаған күйінде қала көшелерімен жүріп өткен автошеру Балалар өнер мектебіне жетіп тоқтады. Автокеруеннің келуіне орай, аудан жастарымен арнайы ұйымдастырылған «флешмоб» орталық алаңда өтті. Мұнан бөлек белсенді жастардан құралған топ автокеруен шеруін сап түзеп қарсы алды. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жастар арасында насихаттау мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып жасақталған ақпараттық-насихаттық топ Балалар өнер мектебінде «Жолдау қуаты-жастар ықыласы» тақырыбында форум өткізді. Форумға облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Талғат Шайхиев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жасөркен Жақсылық, таластық танымал ақын Үміт Битенова, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Нұркен Мырзаев және қала жастары қатысты.
Алғашқы сөз кезегін алған облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Т.Шайхиев Елбасы Жолдауында көрсетілген басты бағыттар мен одан туындайтын міндеттер жайында айтты. Жолдау жүктеген жоспарларды жүзеге асыру жолында жастарға жүктелетін күштің үлес салмағы мен жастар тарапынан жасалынуы тиіс бірқатар міндеттерді алға тартқан Т.Шайхиев бұл ретте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға үлкен сенім артып отырғанын да жеткізді. Мұнан соң ол облыс көлемінде жастардың күшімен өтіп жатқан барлық деңгейдегі іс-шаралардың бел ортасында жүрген «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бағлан Данабекұлын және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Ғалымжан Тоқмырзаевты облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапаттады.
Форумда сөз алған аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Жақсылық пен ақын Ү.Битенова жастарды жақсылыққа, бірлікке бастайтын игі істердің бастаушысы болуға, Елбасы сенімін ақтайтын, елдің адал ұл-қыздары болуға шақырды. Сөз соңында Үміт Битенова өзінің «Елім осы» атты өлеңін оқып, жастарды рухтандырды.
Форум соңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының өнерпаздары Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» драмасын сахналады.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер