Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Абыз әженің алғысын алды

Мадина Жарас, "Талас тынысы"

Қала басшылығы қаламыздың ең ұзақ жасаған тұрғыны Әсия Құрманалиева әженің үйіне арнайы барып, ақ жаулықты анаға құрмет көрсетіп қайтты.


Қашанда ақсақалын ар­дақтап, қариясын ақыл-кеннің дариясына бала­ған халықпыз. Абыз әжелер тербеткен тәрбие бесігінде өскен дана халқымыздың өсиеті де үлкенді сыйлау болды.
Қаратау қаласының әкі­мі Қойшыбай Мақашев, қала әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдибекова бү­гінде 102 жасқа келген Әсия әжеге арнаған базар­лықтарын алып, сәлем бе­ріп қайтты. Әз жүзін әжім басқан Әсия әже 1914 жылы Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы тұсында, тың игеру жылдарында колхоздың ауыр жұмысында талмай, қажымай еңбек еткен. Екі ұлдан тараған 11 немере, 29 шөбере тәрбиелеп өсірген Әсия әже бүгінде шөпшек­терінің де балдай тәтті қы­лықтарын қызықтап отыр.
Қарияға құрмет көрсетуді парызым деп санап, арнайы барған қала басшылығына Әсия әже аналық жүрегінен шыққан алғысын айтып, ақ батасын берді.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер