Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Көптілді меңгеру заман талабы

Мадина Жарас, "Талас тынысы"

1 наурыз-Елбасының Жарлығымен Алғыс айту күні болып бекітілді. Бұл ұлттар татулығын жаңа деңгейге көтеретін, Қа­зақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс кел­ген мереке.

Бұл тек ризашылық күні емес. Бұл мереке сондай-ақ, ұлыстар достығын нығайта түсетін, жас ұрпақ үшін тарих туралы сыр шертетін тағылымға толы күн болмақ.
Қазақстандағы әр этнос өкілінің өмірлік өз тарихы бар. Тағдырдың жазуымен қазақ жеріне табан тіреген түрлі ұлыс өкілдерінің көпшілігі елімізде тұрақтап қалды. Күштеп қо­ныстандыру, сталиндік репрессия, тың игеру кезінде жерімізге қоныс тепкен олар бүгінде бір шаңырақ астында ғұмыр кешуде.
Аталмыш мереке қарсаңында ауданымызға арнайы келген Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл облысы бойынша ғылыми-сараптамалық топ өкілдері кездесу өткізді. Жиынға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жасөркен Жақсылық, Қаратау қаласының әкімі Қойшыбай Махашев және аудандағы этно-мәдени орталықтардың жетекшілері мен өкілдері қатысты. Жиынды ашқан Қазақстан халқы Ассамблеясының облыс бойын­ша ғылыми-сараптамалық тобының төраға орынбасары, «Жастар-зерттеу»қоғамдық бірлестігінің төрайымы Парида Мамедова елімізде алғаш рет тойланғалы отырған 1 наурыз Алғыс айту күні жайында кеңінен түсінік берді. Ол сонымен қатар, ұлтаралық келі­сім, татулық, көптілділік, көпмәдениетті тұлға, қазақстандық әрбір ұлт пен ұлыстардың мемлекеттік тілге деген құрметі турасында кеңінен әңгімеледі.
- Әсіресе, облыс аумағында жатқан ауғандар, күрділер, әзер­байжандардың шоғырланған жерлерінде қазақ тілі емес, көбіне орыс тілі мен сол ұлттың ана тіліне басымдық берілген. Сол себептен, осы ұлттардың жастары мемлекеттік тілді білмейді. Қазақстанның бүгінгідей, саяси-экономикалық даму жағдайында тек қазақ жастары емес, сонымен қатар, өзге ұлт жастары да тілді меңгеріп, бәсекеге қабілетті білімді болуы тиіс. Қазақ тілі мен қа­тар, ағылшын тілін қатар меңгеру заман талабы екендігі белгілі,-деді.
Мұнан соң, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің жетекші сарапшысы Ербол Каншимбеков Үш тұғырлы тіл саясаты тұрғысында баян­дама жасады.
Басқосу соңында Парида Иманжанқызы Мамедова жиналған славян, күрді ұлтының өкілдерімен ашық пікір алмасып, әңгімелесті.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер