Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Жамбыл бейнесі-кинода

Жыр атасы – Жамбыл­дың бейнесі бейнелеу өнерінде өте көп көрсе­тілген. Қазақстан ақын­дары өлеңдерінде талай жырлаған, ал, кино өнерінде де Жамбылдың бейнесі шығарылып, мәңгілік сақталған.


Ақынға арналған «Жамбыл-ата» деректі фильмі бірінші рет 1938 жылы шығарылды. Оның авторы және опера­торы И. Копсанов еді. (1965 жылы осы фильмнің жаңа редакциясы тағайын­далды). 1944 жы­лы ақынның бейнесі алғашқы рет фильм-кон­цертте көрсетілді. Жам­былдың рөлін ойнаған Қазақстанның халық әртісі, Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының атақты әртістерінің бірі-Қапан Бадыров болды. Экранда ақын шығармашылық шабытқа батып, өзінің атақты «Ленинградтық өренім» атты өлеңді оқып отыр. Ұлы Отан соғысы кезінде бүкіл Совет Одағына тараған, терең патриоттық сезіммен жазылған өлең жүректерді тебірентіп, рухыңды қамшылайды.
Алматы киностудия­сында 1953 жылы ең бірінші бояулы көр­кемсуретті фильм шыға­рылды. Ол фильм «Жамбыл» деп аталады. Сценарийін жазған ақын және драматург Әбділдә Тәжібаев және жазушы, драматург Николай Погодин еді. Ал, композиторы Мұқан Төлебаев болатын. Жамбыл бейнесін сомда­ған Кеңес Одағының халық әртісі Шәкен Айманов осы фильмде өз шеберлігінің тағы бір қырын көрсете білді. Сондай-ақ, Құрманбек Жандарбеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Қапан Бадыров және басқалары да әр кейіпкердің образын бейнелеп, фильмнің құндылығын арттырды. Экранда біз ақылды және жігерлі адамның, азамат-патриоттың, нағыз халық ақынның бейнесін көреміз.
Ал, 1996 жылы ре­жиссер Қ.Қасымбековтың «Жамбылдың жас­тық шағы» атты көркем­суретті фильмі экранға шықты. Жас ақын рө­лін­де ойнаған әртіс М.Та­забеков ақын бейнесін шынайы бейнеледі.

Фатима Оразбекова,
ТарМУ-нің аға оқытушысы.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер