Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Жастығын жалын шарпығандар

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: “Ауған соғысына қыруар қаржы шығындалды, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір Кеңес әскеріне бұл елді тастап кетуге тура келді.

Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма? Бұл ұтылыс Жоғарғы әскери команданың бел­гілі бір бөлігін мықтап ойлантты”-деген ойлы сөзі бар. Жылма-жыл ақпан айының 25-і күні ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың ру­та­рының алдында бас иеміз. Өйткені, бұл соғыс­та өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар сол кездегі жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген мақсатпен балалар мен жасөспірімдер орта­лығында “Жастығын жа­лын шарпығандар” тақырыбында іс-ша­ра өт­кіздік. Іс-ша­ра барысында ауған соғысының ардагерлері Иманбердиев Орынбасар Бөгенбайұлы мен Омаров Махметтулла Әшірбекұлы өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен сыр бөлісті. Шара қонақтарына оқушылардың жасаған сыйлықтары тарту етілді.
Гүлнұр Құрманбекқызы, балалар мен жасөспірімдер орталығы әдістемелік бөлімінің жетекшісі.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер