Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

"Жасыл ел"- жарқын істер мектебі

Ұлыстың ұлы күніне орай «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел-жасыл ел» атты жастар сенбілігі ұйымдастырылды.

Аталған сенбілік Қаратау қаласының орталық алаңында митингімен басталды. Митингіде Талас ауданы әкімінің орынбасары С.Дадабаев, Талас ауданының Құр­метті азаматы Т.Жұмабек аудан тұрғындарын тазалыққа, қоршаған ортаның қамқоры болуға шақырды. Осы митингіде «Бір тал кессең – он тал ек» деп тәлім үйреткен текті халықтың текті ұрпақтары ретіндегі өз жауапкершілігімізді ұмытпай, рухани әрі тәрбиелі мәні бар осындай іс-шараларға барша аудан жастарын бірге атсалысуға үндеу жариялаудың сәті маған түсті.
Осы жылдың 1 наурызы күні «Жастар ресурстық орталығының» жанынан «Талас Волонтерлары» клубы ашылған болатын. Клуб төрайымы ретінде осы клубтың белсенді әрі патриот жастарын аталған сенбілікке белсене араласуына қолдау жасай келе, «Талас Волонтерлары» аудан әкімінің орынбасарларымен бірге «Наурыз» бағында тал-дарақтар отырғызып, Жамбыл көшесінің бойын қоқыстан тазартуға атсалысты. Жастарымыз тәлімі мол іс-шарадан рухани азық алып қайтты.
Ақсұлу Байболатова,
“Жастар ресурстық орталығының” Қаратау қаласы бойынша аға нұсқаушысы.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер