Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Туған жер жасыл желекке айналады

Қамысбай Сауқымов, “Талас тынысы”.
Қазақтың “Бір тал кессең, он тал ек” деген ұлағатты сөзі сонау ықылым заманнан-ақ халқымыздың табиғатты аялап, өңірдің ажарына зор мән бергенін көрсетсе керек-ті. Осы ғибратты өнеге арқылы жас ұрпақ жүрегіне мейірім дәнін сеуіп, қамқорлыққа баулығаны да көрініп тұр.


Сол үрдіс әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Мемлекеттік “Жасыл ел”, “Жасыл белдеу” бағдарламалары қабылданып, Елбасы тапсырмасымен ару қала Астана көшелеріне мыңдаған тал отыр­ғызылып, Астана мен Бурабай аралығындағы 40 шақырым жерге тал егілді. Бұл күнде осы екі аралыққа отырғызылған ағаштар ну орманға айна­лып, құстардың әуезді әуені үзілмейтін ажарлы аймақ болғанын бәріміз білеміз.
Осы игілікті істі ауданымыздың жұртшылығы да қолға алып, әр аула, әр ауыл мен қалада тал отырғызу жұмысы басталып та кетті.
Аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиевтің бастамасымен және “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы жанындағы “Жас Отан” жастар қанатының аудан жұртшылығына Үндеуімен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай “Жасыл белдеу” бағдарламасы бойынша қолға алынған бұл істі барша тұрғындар бір кісідей қолдап, осы аптада қаладағы барлық оқу орын­дары мен мекемелерден 250 адам жиналып, Қаратау қаласынан Мақұлбек ауылына барар жолдың қос жие­гіне 3100 түп қарағаш отырғызды. Жалпы, Қаратау қа­ласы бойынша 60 гектар жерге 2 жылда (2016 және 2017 жылдарда) 75 мың 600 тал егу жоспарланған. Бұл күнде ауданға 20 мың түп көшет жеткізіліп, 13 ауылдық округке 1300 талдан 16900 тал үлестіріп берілді. Алда жұмыс көп. Қаратау қаласынан Тараз бағытына қарай тау етегіне дейінгі жолдың екі жиегіне, “Жартас” өзені жаққа да ағаш отырғызу жаспарлануда.
Бұл бағытта тек қарағаштар ғана емес, сонымен бірге жеміс ағаштары да отырғызылатын болады.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер