Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

"Құс қанат менің ғұмырым"

Мадина Жарас, "Талас тынысы"

«Толқындатып аққан, тол­­­­­қып аққан Таластың там­шысынан жаралып, топы­ра­ғынан нәр алып, өлең әле­­мін­де өзінің өрнегін қа­лып­тастырған ақын Серік То­манов еді

. Еш­қандай ба­қайе­сепсіз-ақ ғұ­мыр кешіп, ақын деген ардақты атқа ие бол­ған арда ақынның артында жалындаған жырлары мен сырлары қалды», - деп ту­ған хал­қы өмірден ерте көш­кен Серік Томановтай ақы­­нын тебірене еске алды. Ақын­­­­ның алпыс жылдығына ар­налған еске алу кеші Талас то­пы­рағында өтті. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр ке­­шіп, өмірден ерте өткен ақынын ардақтауға облыс жұрт­шылығының игі жақ­сы­лары түгел дерлік жиналды. Ақын­ның әр жылдары жа­рық көрген «Пә­руа­на», «жұл­дыздан терем өлең­­­­ді», «Ты­ғырық», «Адасып жүр­­ген ақ­­бөкен едім» атты жыр кі­тап­­­­тары оқыр­­­ман қауымнан бағасын алды.
Ұлбике ақын атындағы мәде­ниет үйінде өткен мәдени-рухани кеш шымылдығы Серік Томанов жайлы естелік­терге құрылған қысқа метраж­ды фильммен түрілді.Бұдан кейін мәдениет үйінің қызмет­керлері ақын жырларынан үзінді оқыды. Өмірін өлеңмен өрнек­теген дарын иесінің алпыс жылдығына орай облыстық мә­де­ниет, мұрағаттар және құжат­тама басқармасының ұйым­­дас­тырған «Адасып жүр­­­ген ақбөкен едім» атты республикалық жас ақындар мү­шәйрасы өз мәресіне же­тіп, кеш барысында жыр бәйгесінің қорытындысы жа­рияланды. Еске алу кешіне келген облыстық мәдениет, мұ­ра­ғаттар және құжаттама басқар­масы басшысының орын­­басары Мү­бәрәк Жинақ­баева өршіл ақынның рухына тағзым ретін­де жары Бибігүл Оразбаеваға басқарма аты­нан ақ жаулық жапса, аудан әкімдігі аппа­ратының басшысы Қадірбек Садубаев аудан әкімі Болат Рысмендиевтің сәлемдемесін жеткізіп, барша таластықтардың атынан түрлі-түсті теледидар тарту етті. Кеш барысында Серік Томановтың сөзіне жазылған «Аққулар», «Аузы­нан айдың түскен қыз», «Сезімді қайтем тулаған», «Со­ғады сен деп жүрегім», «Құс қанат ме­нің ғұмырым» сынды таны­мал әндері облыс­тық филар­­мо­­нияның, ау­дан­дық мә­дениет үйі өнер­паздарының орындауын­да шырқалды.
Әулиеата топырағында туып,танылған ат төбеліндей ғана ақын атты аз шоғырдың ішіндегі шоқтығы биік Серік Томанов жырлары ұмытылмақ емес. Қырық жеті жасында қазақтың қара өлеңін қара жа­мыл­дырып кеткен дара ақы­нын елі есінен шығармақ емес. Ақынын іздеген жұрты оның алпыс жылдығына ар­нап, республика көлемінде жыр бәйгесін жариялап, өт­кізді. Өлең өлкесіне қадам басқан жас ақындардың бұла жырлары мен тұма сырларын Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орын­басары Жанарбек Әшімжан бастаған қазылар ал­қасы саралады. Қазылар ал­қа­­сы­ның құрамын сон­дай-ақ, республикалық «Қа­­зақ әде­биеті» газетінің бас ре­дакторы жазушы Жұмабай Шаш­тай­­ұлы, облыстық «Ақ­жол» газетінің бас редак­торы Кө­семәлі Сәттібайұлы, ақын Қайырбек Асанов, респуб­ли­калық «Егемен Қазақс­тан» газе­тінің өңірде­гі меншікті тілшісі Оралхан Дәуіт құрады.
Жыр мүшәйра­сына барлы­ғы 30 үміткер қатысып, ақынға арнауларын арнапты. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде жамбылдық жас ақын Нұржан Қадірәліге бұйырды. Облысқа танылып жүрген жас ақын, облыстық «Арай» жастар газетінің тілшісі Хамит Есаман жүлделі бірінші орыннан көрін­се, екінші орынды облыстық «Ақжол» газетінің бөлім редак­торы, жас қаламгер Табиғат Абаил­даев иеленді. Ал, жүлделі үшін­ші орынды Ал­маты об­лы­сынан қатысқан Нұртас Тұрғанбекұлы мен тараздық Оразбек Жалғас иеленді. Жыр додасының жеңімпаздарын об­лыс­­­­­тық тарихи-өлкетану му­зейінің директоры, ақынның сыныптасы Үртай Сапақова, ҚР Мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлы, облыстық «Ақжол» газеті бас редакторының бірін­ші орынбасары Ақылжан Мамыт марапаттады.
Кеш барысында Серік Томанов­тың өлеңдеріне ән жаз­ған сазгер Орынбасар Әлжап­паров, республикалық «Жас қазақ» газетінің облыстағы мен­шікті тіл­шісі, белгілі журналист Дүйсенбек Айбеков, сы­ныптасы Болат Ошақбаев естеліктер айт­­ты. Белгілі жур­налист Ер­ман Әбдиевтің баспадан жаңа шыққан, сиясы кеппеген «Се­рік деген...» атты кітабын Д.Айбеков таныстырды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер