Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Міндеттер таныстырылып, жауапркершіліктер жүктелді

Балалар өнер мектебінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының кезектен-тыс ІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.


Күн тәртібінде көтерілген мәселе бойынша сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бағлан Сұлтанбек соңғы 3 жылда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар жайында баяндады.
Мұнан соң баяндаманы талқылауға шыққан «Жас Отан» жастар қанаты «Қаратау технология білім және бизнес колледжі» бастауыш бөлімшесі төрағасының орынбасары Толғанай Әлжаппар қаладағы атқарылып жатқан атаулы, жоспарлы іс-шараларда колледж жастарының белсенділігі туралы әңгімелеп, жүктелген міндеттерді жүзеге асыру жолында бірлесе еңбек етуге шақырса, аудан әкімдігі «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің маманы Роза Дүйсеналиева: -Аудан бойынша 2015 жылға бекітілген жоспарға сәйкес, 1232 азамат жұмыспен қамтылуы тиіс болатын, жұмысқа жолданғандар саны 1996 азаматқа жетіп, бұл көрсеткіш 162 пайызды құрады. Жұмысқа жолданған азаматтардың 15 пайызы өндіріс, 14 пайызы білім, 4 пайызы денсаулық саласына жолданған болса, 18 пайызы төлем­дік-қоғамдық жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, 5 пайызы «Өрлеу» бағдарламасы негізінде, ал, қалған 48 пайызы әртүрлі салаға тұрақты жұмысқа жолданды,-деді.
Сондай-ақ, жиын барысында жарыссөзге шыққан «Жас Отан» жастар қанаты «Көктал» бастауыш бөлімшесінің төрағасы Темір Серікбай 2015 жыл мен 2016 жылдың сәуір айы аралығында атқарылған жұмыстарының есебін ұсынды.
Кезекті жарыссөзден соң «Жас Отан» жастар қанатының есепті мерзімдегі жұмысына тоқталды.
- Ауданымызда «Жас Отан» жастар қанатының бастауыш бөлімішелері «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейін бағдарламасын жүзеге асыруда елеулі жұмыстар атқарды. Бұл орайда, Бағлан Сұлтанбектің сіңірген еңбегін айтпай кетуге болмас. Үш жыл ішінде қоғамдық-саяси мәндегі барлық шаралардың қасынан табылды. Ұйым­дастырушылығымен көз­ге түсті,-деп Бағлан Данабекұлының басқа жұмысына ауысуына байланысты жиылғандардан төрағалыққа үміткерлерді ұсынуын сұрады. Конференцияға қатысушы де­ле­­гат­­тардың қолдауымен бірауыз­дан Нұрсұлтан Манатбек «Нұр Отан» партиясы аудандық фи­лиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы болып сайланды.
Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының орынбасары Сайын Құрбан жаңа төрағаның жұмысына сәттілік тілеп, «Жас Отанның» төсбелгісін тақты.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер