Сақтық артса, қауіп азаяды
- Толығырақ
- Құрылды 29.04.2016 09:14
- Категория: Мақалалар
Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"
Қырым қанды безгегі кене энцефалиті, туляремия, Сырдария безгегі сияқты жұқпалы ауруларды тудырады. Бұл аурудың ауырлығы оба індетімен тең түседі.
Табиғи ортада вирус жабайы және үй жануарларының ағзасында болады. Әдетте, малдарға, мал қораларына және басқа жайларда кенеге қарсы жүргізілген ветеринариялық-шаруашылық кешендік шаралары арқылы алдын алады.
Аудан бойынша Конго-Қырым безгегінің табиғи ошағында орналасқан Үшарал, Кеңес ауылдық округтерінде аталған ауруларға қарсы дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге облыс әкімінің 2016 жылғы қаңтардағы қаулысы бойынша дәрі-дәрмек алуға 2,809 мың теңге бөлінді. Ал, аудан әкімінің 2016 жылғы наурыздағы қаулысы негізінде көктем-күз айларында жүргізілетін жұмыстарға жергілікті бюджеттен 4294402 теңге қарастырылды. Бүгінде бөлінген қаржы негізінде алдын алу шаралары басталып кетті. Осыған орай, аудан әкімдігінің «ветеринариялық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның директоры Жарқын Қалмаханов Үшарал және Кеңес ауылдық округтерінде «Қырым қанды безгегінің» табиғи ошағындағы кенеге қарсы І-кезеңде қолға алынған жұмыстар жайында ой бөлісті.
- Кененің табиғи ошағына 2 ауылдық округ және 6 елді мекен кіреді. Қазіргі таңда жұмыстардың 50 пайызы орындалды. Бұл жұмыстар үш кезеңді қамтиды. І кезең 16 сәуір мен 30 сәуір аралығы, ІІ кезең 16 мамыр мен 31 мамыр аралығы болса, ІІІ кезең қыркүйек - қазан айларында жүргізіледі. Дезинфектор жұмысына қорғаныс киімдері алынып, 2 ДУК автокөлігі, 2 дезинфектор, 7 қора - жайды дәрілеуші дезинфектор тартылды. Жұмыстың сапалы болуы үшін ауыл әкімдеріне механикалық жолмен тазарту туралы хат жолданды. Жалпы, аудан бойынша 9 тоғытпа бар. Үстіміздегі жылы қосымша 2 тоғытпа салу жоспарда бар, - деді.
Сақтық қатерді сейілтеді. Алдағы уақыттарда да тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан жұмыстар жалғасын таба береді деген сенімдеміз.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы