Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Қайсар тұлғаларға құрмет

Нарбол Қашаған,
«Талас тынысы».
Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында орын алған қасіретті апатқа биыл 30 жыл толып отыр.

Осыған орай Се­мей полигоны мен Чернобыль атом электр станциясындағы ядролық жарылыстың зар­дабын жоюға қатысқан ардагерлерге құрмет ретінде «Talas investment company» ЖШС-нің бас директоры Бақтияр Алдашовтың және ұжымның демеушілік ықпалымен құлпы­тас-ескерткіш орнатылды. Рәсім­нің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкі­мінің орынбасары Қайрат Рахымжанов: - Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан жүз мыңдаған азаматтардың өжет­тігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді. Өскелең ұрпақ аға ұрпақтан үлгі-өнеге алып, мақтаныш ете білуі керек,-деді.
Мұнан соң балалар өнер мектебінде өткен шарада Чернобыль ардагерлері қоғам­дық кеңесінің төрағасы Руслан Саржанов Чернобыль атом электр станциясындағы ядролық жарылыстың зардабын жоюға қатысқандарға облыс әкімінің және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Құрмет грамоталарын тапсырды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер