Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Жер жайлы айтар болсақ...

Бірде бір шетелдік Қазақстан жерінің бір сантиметрінде сатып алуға құқығы жоқ.

 

Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқы бар, біріншіден, жеңілдетілген бағамен (50%), жалға берілген жерді 10 жылға ұзартумен және екіншіден аукцион арқылы сатып алуға құқы бар. Шетелдіктер үшін бұндай норма жүрмейді. Егер де шетелдіктер жеке меншігіне жалған неке арқылы қулығын асырып жерді сатып алуға тырысса, ЖШС үлесін сатып алу арқылы немесе  екінші нарықта жерді сатып алғысы келсе әділет органдары бұндай жағдайларды  тіркеу үшін  қабылдамайды.  

Заң тұрғысында, мұндай тіркеусіз жер құқығына иелікте туындамайды. Сонымен, әділет органдарындағы тіркеу рәсімдері арқылы шетелдіктер үшін белгіленген шектеулердің сақталуын бақылайды.

Бұл кезде шетелдікке тиісті акция үлесін бақылаудың қажеттілігі жоқ, өйткені тіпті акцияның 100% иесі шетелдік акционердің өзі де  жерді өзінің меншігіне ала алмайды.

Ауылшарушылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншік құқы тек қазақстандық компания құқығында ғана болады және ол қатысушы құрамынан шыққан кезде  жер телімімен емес ақшалай түрде төленетін заңды тұлға үлесіне ғана құқы бар.

Жалпы алғанда,  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері шетелдік азаматтарға сатылмайды, жер реформасы әлеуметтік және экономикалық пайда әкеледі.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер