Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Н. Назарбаев Жер кодексінің бiрқатар нормасына мораторий жариялады

05.05.2016

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан кеңес барысында Президент «Жер туралы кодекске» енгізілген өзгерістерге мораторий жариялады.

 

«Мен бүгін шешім қабылдаймын. Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормаларын, нақты айтқанда, былтыр енгізілген 4 норманы күшіне енгізуге ендігі жылға дейін мораторий жариялаймын. Алдымен егжей-тегжейін қарап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге шешіп, келісімге келетін болсаңдар, мораторийді аламыз, болмаса, түсірмейміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, кеңеске Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер