Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Таластың да, Алаштың да мақтанышы

«Поэзия» деген – шексіз, құдіретті әлемге ақын Күләш Ахметова өткен ғасырдың сонау 60-шы жыл­дарының басында, Жам­был медицина училище­сінде оқып жүрген балаң шағында-ақ қадам басқан екен.


Киелі Талас жерінде, Үшарал деген айтулы ауыл­дағы орта мектепте білім нәрімен сусындаған ақынның бір ерекшелігі -Таласын, оның әрбір қара­пайым баласын, сайын да­ласын құлай сүюінде болса керек?!
Олай дейтініміз – ақын­ның қандай да бір жыр жинағын оқысаңыз, Талас жері мен елі туралы, қарапайым да кішіпейіл, дархан көңілді, жаны жайсаң ұлдары мен қыздары туралы жыр шумақтары көптен кездеседі.
Өзінің өлең–жырларына үнемі арқау ете жүріп, сүйікті мекені – Тала­сы­нан көңілінің алысқа ұзамағандығын, тіп­ті, жүрегінің бірге соға­тындығын аңғарғандай боласыз.
Талас жеріне, оның хал­қына деген шынайы сүйіспеншілігі мен махаб­баты ақынның көптеген жыр-шумақтарына арқау болуы-оның Талас елі десе көңілінің алып-ұшып тұратындығының, сүйікті мекеніне деген құрметінің айғағындай.
Алғашқы еңбек жолын Үшарал медпунктінің меңгерушісі болып бастаған Күләш апайымыз аз-кем уақыт сол кездегі «Ленин жолы» газетінде қызмет атқарғаннан кейін, сонау 70-ші жылдардың басында-ақ Алматыға, ондағы әдебиет пен өнердің дарынды өкілдерінің ортасына барып, сол кездегі республикалық «Қазақстан пионері» газе­тін­де шығармашылық ең­бек жолын одан әрі қарай сәтті жалғастыруы-ақынның өнерінің, өлеңі­нің өрісті болуына, қана­ты­ның қатаюына, шы­ғарма­шылығының шыңдала түсіп қана қоймай, сонымен бірге, өркендей түсуіне, әрі «өлең» деген «айдын - көлде» шынайы махаббат пен сүйіспеншіліктің символы – аққудай еркін, қалықтай жүзуіне ерекше әсер еткендігі даусыз.
Дәл сол жылдары Күләш апайымыздың өлеңдері респуб­ликалық басы­лым­дарда жиі жа­рияланып, жыр сүйер, өлеңді өнер деп бағалаған жұртшылықтың, әсіресе, өзінің за­мандас, құрбы-құр­дастарының жү­ре­гінен орын ала бастағандағы біздерге баспасөз беттерінде әр жылдары жарық көрген мақалалар арқылы белгілі.
Өлеңді, өмірді жан-тәнімен, пәк көңілімен сүйетін ақын Күләш Ахметова «Сен-менің бақытымсың!» атты жыр жинағы үшін 1978 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағына ие болған екен.
Міне, осылайша поэзия әлеміне сонау бір жылдары ерекше табиғи талантымен «еркелей» енген ақын қыз – бұл күндері халқының лайықты қошеметі мен сүйіспеншілігіне бөленген, қазақ поэзиясында өзіндік орны бар дара тұлға, табиғи талант иесі екендігін барша жұртшылықтың мойын­дағандығы анық.
Ақынның жеткен жетіс­тіктері мен шыққан шыңдары да жұртшылықтың жадында:
ҚР Мемлекеттік сыйлығы­ның иегері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, халықаралық К.Симонов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің ие­гері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы.
Міне, осылардың барлығы да – ақынның туған елге, сүйікті Отанына, Қазақ еліне деген жүрек түкпірінен туындаған өлең-жырларының өтемі іспетті десек, артық айтқандық болмас.
Ал, ақынның өткен жылы Астана күні мерекесіне орай жарық көрген «Орман» атты жыр жинағын оқи отырып, қанатын қияға, биік шыңдарға қарай қомдаған бейне бір қыран құсты елестеткендейсіз...
Қазақ елінің бүгінгі жар­қын да бақытты өмірін, келешегін ой-елегізінен өткі­зіп, жырларына сәтті арқау етуі – аса бір шеберліктің, шынайы да дархан дарын иесінің қарым-қабілетінің, шығармашылық мүмкіндігінің мол екендігінің тағы да бір айғағындай.
Қазақтың кең-байтақ сайын даласын, орман-тоғайын, өзен – көлдері мен заңғар тауларын, заманауи үлгімен Сарыарқа төрінде бой көтерген Астананы, өзге де сұлу шаһарларын өлең, жыр-шумақтарына арқау ете отырып, ақын сүйікті Отанымызды, оның бай табиғатын сүюге меңзейді.
Осының бәрі шынайылы­ғымен оқыған жанның жүрек түкпірінен орын алатындығы анық.
Жыр-жинақтың алғашқы парағын ашқанда-ақ өлең шумағының өзі оқырманды мақтаныш сезіміне бөлейді:
Адамдарды таңдантып, мәңгі ойлантып,
Ұшқан құстай зулайды, самғайды уақыт.
Мына шексіз ғаламда, өз далаң мен
Өз Отаның болғаны-қандай бақыт!
Ия, шын мәнінде, бұл күнде аты әлемге мәшһүр болған Қазақ елінің, Қазақстанның-сүйікті Отанымыздың перзенті болу-бағалай білгенге баға жетпес Бақыт!
Ал ақынның:
Құмармын, мен тірлікке құмар екем,
Құмар етпей қоя ма мына мекен?!
Ұрпақтарға қалатын Ұлы жерге,
Жасағаннан тыныштық сұрап өтем! - деп, жыр - жинағын түйіндеуі - ерек­ше бір тапқырлық десе де болғандай.
Қазақ Елінің ертеңіне алаң­даулы сезімтал ақын, аяулы ана жүрегі ұрпағының бейбіт өмір сүруінің, халқының бақытты, келешегінің жарқын, арайлап атқан әр таңының шуақты, халқының бай-қуатты болуының, шын мәнінде өркендеген Мәңгілік Елге айналуының шынайы тілеуқоры болуы көңіліңе қуаныш сезімін ұялатқандай.
Туған елге деген шынайы махаббат, сірә, осындай-ақ болса керек?!
Ақынның «Орман» атты жыр-жинағы қалың ел қара орманының- қазақ халқының рухани ләззат алуына қосқан кезекті сыйы екендігі даусыз.
Осы орайда, өлең–сөздің қадірін бағалай білетін қарапайым оқырмандардың атынан ақын Күләш Ахметова апайымызды «70» деген – жеті белестің құзар шыңына шығуымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақыттарда да атар таңдарының арайлы, бақытының баянды бола беруін тілейміз.
Қазақ елінің, әсіресе, тағдыр табыстырған өмірлік жансерігі – қазақтың дарынды ұлдарының бірі, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов ағамыз бен ұл–қыздарының, немерелерінің бағына ғұмырының ұзақ болып, шығармаларының халқымызбен бірге ұзақ жасай беруін тілеу абзал.
Қорыта айтқанда, ақын Күләш Ахметова – таластықтардың да, барша алаштықтардың да мақта­нышы екендігі даусыз.
Өйткені, ол – барша қазақ оқырмандарының сүйіктісіне айнал­ған дара ақын, қазақтың кең байтақ сайын даласының Бұлбұлы!

Пернебек ОСПАНОВ,
аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы,
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Қазақстанның Мәдениет қайраткері.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер