Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Жер-халықтың қазынасы

Иә, жер – халықтың қазынасы, ең үлкен байлығы, асыраушысы, асыл мұрасы.

Ұлы Дала елін сан замандар мен дәуірлер бойы айбатты барадүрлеріміз, айбынды батырларымыз, сөз бастаған шешендеріміз, қол бастаған көсемдеріміз, жалпы халқымыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпағына аманаттап, күн нұры аймалаған қойнауы қазынаға толы қасиетті жерімізді бүгінгі күнге жеткізді.

Мәңгілік Ел идеясы Ұлы Дала елін, жерін сақтап, қорғаумен тағдырлас. «Қара жерге халық ие» деп ұлы бабаларымыз шегелеп айтқандай, оның шын мәніндегі иесі де, киесі де Ұлы Дала елінің мәңгілік тұрғындары – жергілікті халық. Аталардың көзіндей, аналардың өзіндей Алла берген жеріміз – халқымыздың ары, намысы, рухы, жаны, қаны десек те жарасады.

Сонау жаңғыр шапқыншылығы кезінде Қабанбай батыр жоңғарлардың қолына түсіп қалған екен. Сонда жоңғар хонтайшысы: «Егер сен маған не балаңды, не әйеліңді, болмаса, жеріңді берсең, мен сені босатамын», - дейді. «Бала – белде, әйел – жолда. Ол екеуі де қайтадан табылады. Ал жер табылмайды. Сондықтан да, мен жерімді бере алмаймын», - деген екен Қабанбай батыр.

«Мұндай батыры бар қазақтар бақытты екен. Қабанбай, мен сені босатамын», - деп хонтайшы батырдың астына ат беріп, елге қайтарыпты.

Міне, жердің құдіреті қандай!

Күні кеше ғана Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палатарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысқан кеңесте «Жер туралы Кодекске» енгізілген өзгерістерге мараторий жариялады.

Елбасы: «...Былтыр енгізілген 4 норманы күшіне енгізуге ендігі жылға дейін мараторий жариялаймын», - деді.

Біз үшін тап қазір орынсыз дау-дамайдан гөрі тыныштық, түсіністік қымбат. Жердің иесі қашан да өз халқымыз болып келді, алдағы уақытта да солай болып қала береді.

Темірлан Әшірбеков,

«Абзал» шаруа қожалығының іс басқарушысы.

Аққұм ауылы.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер