Өнер-мәдениет өлшемі
- Толығырақ
- Құрылды 17.05.2016 07:49
- Категория: Мақалалар
Өнер-халықтың өткені мен бүгіні және болашақ ұрпағын тарихи біртұтастықта, мызғымас бірлік пен ажырамас татулықта тоғыстыратын қасиет. Ол адамның жанына жарық құяды, қиялына қанат бітіреді.
Аудан әкімі Болат Рысмендиевтің ауыл әкімдері мен мәдениет саласы қызметкерлеріне берген тапсырмасына сәйкес, аптаның әр жұмасында ауыл-аймақ өнерпаздары аудан орталығында гала концерт беруге тиісті. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шара жастарды алғашқы кезекте өнер сүюге шақыру болса, екіншіден, көпшілікке сергек көңіл мен тиімді демалыс сыйламақ.
Орталық саябақта Ақкөл ауылының өнерпаздары алғашқы болып, қала тұрғындарына концерттік бағдарламасын ұсынды. Шараның ашылу салтанатында сөз алған Болат Қанатбайұлы: - Өнер руханияттың негізі, татулықтың тірегі. Әнде өткеннің даналығы жатыр. Ол тыңдарманның жүрегіне жан бітіретін, кең тынысты өрнегімен қымбат. Біз өнер арқылы елді бірлікке бастаймыз, достыққа шақырамыз. Сондықтан, әр адам өнерді сүюі қажет. Бүгін Ақкөл ауылының өнерлі азаматтары келіп отыр,-деп өнерпаздардың шығармашылығына табыс тіледі.
Мұнан соң Ақкөл ауылы мәдениет үйі қызметкерлері мен балалар өнер мектебінің мұғалімдері жиылғандарға сырлы әуендерін шырқап, есте қаларлық кеш сыйлады.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы