Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Қуғынға түсіп, азаппен өткен ғұмырлар

Қамысбай Сауқымов, "Талас тынысы"

Қуғын-сүргін зауалы бү­кіл қазақ даласын шарпы­ғаны белгілі. Кеңес өкі­ме­тіне қарсы шықты, контр­рево­люциялық ұйымға қатысты деген желеумен талай боз­дақтар қыршынынан қиылды немесе түрменің, айдаудың ұзақ жылғы азабын шекті.

 

Кеңес өкіметінің «халық жауынан тазарту дауылы» небір марғасқа­лардан бастап күнделікті тіршілікпен жүрген қарапайым жандарды да қамтыды.
Тұтас бір ұлт тағдыры кім-көрінгеннің ашса, алақанына, жұмса, жұдырығына сыйып кеткен 37-нің қуғын-сүргінінде ұсталып кеткен адамның туған-туыстары, аралас-құралас болған таныстары да репрессияға ұшырады.
«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген науқанның қазақ халқын ашаршылыққа ұрындырғаны да нәубет болып, мыңдаған жандар голощекиншіл жандайшаптардың ке­сірінен тоз-тоз болып жер ауды, бір түйір азық таппай ажал құшты.
1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жар­лығымен 31 мамыр - Саяси қуғын - сүр­гін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Содан бері еске алу күні жылда өтіп келеді.
Биыл да қаламыздағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған Белгітас алдына қаладағы барлық мекемелер мен білім ордаларының қызметкерлері жиналды.
Жамағат алдында ауданымыздың бас имамы Нұрсұлтан Алиев әруақтарға арнап Құран бағыш­тағаннан кейін жиналған көпшілік Белгітасқа гүл шоқтарын қойып, марқұмдарды еске алды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер