Министр Қаратауға келді
- Толығырақ
- Құрылды 03.06.2016 05:39
- Категория: Мақалалар
Қамысбай Сауқымов, "Талас тынысы"
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Исекешов Әсет Өрентайұлы бастаған вице-министр Қасымбек Жеңіс Махмудұлы, министрдің кеңесшісі Қайсар Жұмабайұлы, индустриалдық даму және өндіріс қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Ержанов Аманияз Қасымұлы, облыс әкімі Көкірекбаев Кәрім Нәсбекұлы және “TalasInvestmentCompany” ЖШС-і директорлар кеңесінің төрағасы Серікжан Сейітжанов іс-сапармен “TalasInvestmentCompany” ЖШС-і зауытында болды.
Қонақтарды аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев пен “TalasInvestmentCompany” ЖШС-ң бас директоры Бахтияр Алдашов бастап жүрді.
Ә.Исекешов өз жұмысын зауыт зертханасынан бастап, зауыттың бас инженері Гордиев Владимир Анатольевичке өндірілетін өнімді шығару жолдарын айтып беруді сұранды.
Өз ісіне әбден машықтанған бас инженер еш мүдіріссіз жұмыс процесін жан-жақты талдады. Түрлі қосындылар, қышқылдар мен ерітінділерді қосып, белгіленген температурада ұстау арқылы өнім алуды жүзеге асыру жолы қытай жобалаушыларының еңбегі екенін де айтып өтті.
- Бұл, натрий цианидін шығаратын алып зауыт еліміздегі бірден-бір маңызды жоба болып отыр. Зауыт іске қосылғанда оның пайдасы орасан зор болмақ, - деген Әсет Өрентайұлы жылына қанша тонна өнім шығарылатынын да сұрады.
- Қазақстанның біздің өнімге деген сұранысы жылына 16 мың тонна болса, біз жылына 15 мың тонна шығарамыз. Сондай-ақ, Қытай мен Ресей де бұл өнімге зор қызығушылық танытып отыр, - деп жауап берді Бахтияр Алдашов.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы