Әкім ауызашар берді
- Толығырақ
- Құрылды 10.06.2016 08:45
- Категория: Мақалалар
Рамазан - он екі айдың сұлтаны, кешірімі мен сауабы мол берекелі ай.
Бұл сауаптар еселеніп жазылатын айда әр пенденің жүрегіне иман нұры құйылады. Себебі, ораза адамды тақуалыққа, сабырлыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеп, адамдық асыл қасиеттерді еселей түседі.
Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы, Рамазан айының бірінші күні аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиев орталық мешітке жиналған жамағатқа ауызашар берді.
Ақ дастархан басында әруақтарға арнап Құран бағышталып, жиналған жұртқа жасы үлкен ел ағалары бата беріп, аталық ақылдары мен тәрбиелік мәні зор мағыналы әңгімелерін де айтты.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы